Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Эстафеталық сайыстар
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы "Ақбота" балабақшасының
дене шынықтыру нұсқаушысы А.Е.Ермекбаева

«Біз шыныққан балдырған»
Мақсаты: Балалардың спорттық ойындар арқылы, дене қозғалыстарын жетілдіріп,
ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Жүргізуші: Құрметті балабақша ұжымы мен кішкентай бүлдіршіндер, сіздерді «1 - маусым балаларды қорғау күніне» орай өткізіліп жатқан «Біз шыныққан балдырған» атты балабақшаішілік эстафеталық сайысымызға қош келіпсіздер. Ендеше эстафеталық сайысымызға қатысатын жас спортшыларымызды ортамызға шақырайық. (Қарлығаш, Көгершін, Тұлпар, Балдырған топтары).
Жарысымызды бастамас бұрын «Ақбота» балабақша директорының уақытша міндетін атқарушы Ұ. М. Ақжігітоваға сөз кезегін береміз.
Ендеше сайысымызға әділ баға беретін, әділқазылар алқасымен таныстырайын.
1) Балабақша директорының у. м. а: Ұ. Ақжігітова
2) Бейнелеу өнерінің жетекшісі: Р. Дуймбаева
3) Балабақша медбикесі: А. Дүйсеева

Жүргізуші: Сайысымыз 4 бөлімнен тұрады.
Спорт деген азанда,
Тұрғызып сені алады.
Еріншектік аз біздерде,
Бастайық қызық ойынды.
Аязда да тоңбаймыз,
Ыстыққа да шыдамды.
«Біз шыныққан баламыз»,
Жалқаулықты сүймейміз.
Шыныққан бізге пайдалы,
Спорт соның айғағы дей,- отыра I бөліміміз
«Кім жылдам» ойынын бастаймыз. Ойын шарты: 1 - ші бала қолына текшені алып, жүгіру арқылы, межедегі кеглиден айнала кері қайтып, қолындағы текшені келесі балаға береді. Ойын әрі қарай осылай жалғасады. Қай топ 1 - ші келсе, сол топ жеңіске жетеді. (Құралдары: Кегли - 4, текше - 4)
Әділқазы алқасы «Кім жылдам» ойынын бағасын берейік.

II бөліміміз «Көжектер» ойыны.
Ойын шарты: Едендегі бөренеден қоянша секіріп, межеде тұрған сәбізді алып, кері секіріп, сәбізді келесі балаға береді. Келесі бала сол сәбізді межеге қайтадан қойып, кері секіріп қайтады. Ойын әрі қарай осылай жалғасады.
(Құралдары: Бөренелер, пішіндер - 4, сәбіз - 4)
Әділқазы алқалары 2 - ші бөліміміздің қорытындысын берейік.

III бөліміміз «Кенгуру» ойыны.
Ойын шарты: Кенгуру добымен межедегі тұрған тудан айнала секіріп қайту. Ойын
әрі қарай осылай жалғасады. Қай топ бірінші келсе сол топ жеңіске жетеді.
(Құралдары: кенгуру добы - 4, ту - 4, пішіндер - 4)
«Кенгуру» ойынының қорытындысы.

Жүргізуші: Ендеше соңғы бөліміміз «Пингвиндер» ойыны.
Ойын шарты: Допты аяқтың арасына қысып, текшелер арасымен жүру арқылы, межеде тұрған шашақты кезекпен - кезек алып қайту.
(Құралдары: доп - 4, текшелер - 16, шашақтар - 16)
Соңғы бөліміміздің қорытындысы берейік.

Жүргізуші: Жарқын, шаттық заман болып,
Бүлдіршіндер аман болсын.
Татулық пен бірлік болып,
Әрқашанда орта толсын - деп әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.
(Жас спортшыларымызды марапаттайды.)
Жүргізуші: Осымен «Біз шыныққан балдырған» атты эстафеталық сайысымыз өз мәресіне жетті. Қош сау болыңыздар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама