Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Етістік
Тақырыбы: Етістік
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларға етістік туралы түсінік беру, етістікке қойылатын сұрақтарды үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың сөз таптары туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: оқушыларды дұрыс, мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа білім беру
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: слайд

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 411 - жаттығу
1) Зат есім дегеніміз не?
2) Зат есім болатын сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
Ойын: «Адасқан сөздер»
Шарты: Сөздерді зат есімнің түрлеріне қарай топ - топқа бөліп, топтаған сөздеріңді өз гүл күлтелеріне орналастыру керек.
Берілген сөздер: алма, қала, мұғалім, оқушы, өзен, раушан, Айдар, Тараз, Жалағаш, Қызылорда, Ақтөс, Құлагер, қоян, қояндар, түлкі, түлкілер, балапан, балапандар, бор, борлар, ара, аралар, бұлт, бұлттар

ІІІ Жаңа сабақ
412 - жаттығу Суретпен жұмыс.
Болат отын жарды.
Айгүл гүлге су құйды.
Әсел секіртпемен ойнады.
Әжем ұршық үйірді.
Жандос домбыра тартты.

413 - жаттығу (өзіндік жұмыс)
Жазда қыдырады, қыста тынығады. (су)
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (күн)
Заттың іс - әрекетін білдіретін сөздерді табайық.
Етістіктің ережесін шығарып көрейікші.
Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөз табын етістік дейміз.
Етістіктерге не істеді? қайтты? не қылды? деген сұрақтар қойылады: өсті, ойнады, сайрады.
Ой сергіту жаттығуы: «Тез тауып, бөгелмей айт»
Мұғалім төмендегі зат есімдерді бір - бірлеп оқиды. Оқушылар оларға әр түрлі етістіктер тіркеп, бөгелмей айтып отыру керек.
Жел. Күн. Найзағай. Қой. Қоңырау. Тапсырма. Оқушылар. Жаңбыр. Әжем. Айгүл. Кино.

414 - жаттығу (тақтамен жұмыс)
Тоғайда түрлі аңдар болады. Терең шатқалға қояндар жасырынады. Қызыл түлкілер тоғайда жүреді. Тиіндер ағаштан ағашқа секіреді.

Сергіту жаттығуы.
Суретті мәтінмен жұмыс.
415 - жаттығу
Қонды, жауды, ысыды, жүзді деген сөздерге сөйлем құрау.
Аралар гүлден - гүлге қонды. Бүгін жаңбыр жауды.
Ойын: «Етістік»сөзінен баспалдақ құру.
Шарты: Осы әріптерден басталатын сөз ойлап, тор көздерді толтыру. Кім тез баспалдақты құрап шықса, сол жеңіске жетеді.

416 - жаттығу
Берілген сөздердің ішінен етістікті тауып, етістік екенін дәлелде.
Жинады, айтты, сөйлесті, байлады.

Сабақты қорытындылау
Венн диаграммасы бойынша зат есім мен етістікті салыстыру.
● Зат есім
Заттың атын білдіреді.
Кім? Кімдер? Не?
Нелер?

● Етістік
Заттың іс - әрекетін, қимылын білдіреді Не істеді? Не қылды? Қайтті?
● Сөз табы
Сұрақ қойылады
Сөйлем құрастырылады

Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама