Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Етістік
Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға етістік туралы түсінік беру, сауатты жазуға дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, шығармашылығын дамыту, сауатты, көркем жазуға төселдіру.
Тәрбиелігі: Жаңа технологияны басшылыққа ала отырып, білімдерін тиянақтау, әдептілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, бақылау, әңгіме, көрнекілік, ой қозғау
Көрнекілігі: интерактивті тақта бойынша жаңа тех - ы көрсету. Сөзжұмбақ, венн диаграмма, т. б.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен амандасып, оларды түгендеу;
• Сынып тазалығын тексеру;
• Оқушылардың сабаққа әзірліктерін байқау;
• Зейіндерін сабаққа шоғырландыру

Психологиялық ахуал
Қол алысып, қане, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Өткенді пысықтау.
- Кәне, балалар, өткен сабақ бойынша мен сендерге сұрақ қоямын сендер жауап беруге тырысыңдар. Тек қол көтереміз, орнымызда отырып айтпаймыз. Ал олай болса бірінші сұрағым:
1. Қандай сөз таптарын білеміз?
2. Қай сөз табын өттік?
3. Зат есім дегеніміз не?
4. Адамға қатысты сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
5. Жалқы есім дегеніміз не?
6. Жалпы есім дегеніміз не?
7. Зат есімнің қандай түрлерін өттік?
8. Жекеше түрі қандай сұраққа және көпше түрі қандай сұраққа жауап береді?
9. Зат есімнің көпше түрі қандай жалғаулар арқылы жасалады?

Жаңа сабақ.
- Балалар, барлығымыз ұйымшылдықпен мына сөзжұмбақты шешсек бүгінгі тақырыбымыз шығады. Қане түгел сабаққа қатысып отырайық:
СӨЗЖҰМБАҚ
1. Мал өнімі
2. Жыл мезгілі.
3. Сүттен жасалатын тағам.
4. Уақыт бірлігі.
5. Әкенің әкесі.
6. Ауруды емдеуші.
7. Өз атын шақыратын құс.

Заттардың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді ЕТІСТІК дейміз.
Етістіктің сұрақтары

Не істеді?
Қайтті?
Не қылды?
- Балалар, мына суреттерде оқушылар не істеп жатқанын білдіретін қимыл атауларын айт. Ол сөздер қандай сұраққа жауап береді?
Етістік жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама