Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Етістікті сөйлемнен табу
Сабақтың тақырыбы: Етістікті сөйлемнен табу.
Сабақтың мақсаты: Етістік туралы біліктерін бекіту, сөйлемнен сұрақтар қою арқылы етістікті табу. Етістікті қатыстырып сөйлемдер құрау. Ой – өрісі, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Адамгершілік, экологиялық сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, сызбалар, таратпа материалдар.
Сабақ СТО технологиясы әдісімен құрылды.

Сабақтың барысы
«Көктем гүлдері» атты ойынмен оқушылар бөлінді.
1 -фаза. Қызығушылығын ояту. «Жұмбақ» стр.
Аяқталмаған сурет ілінеді. Біздің мақсатымыз осы суретті аяқтау.
Берілген жұмбақтарды шешу арқылы, жұмбақтардағы етістікті сұрақ қою арқылы табу. Ойын «Неге ұқсайды» дөңгелек ілінеді.
Жапырақшаларға жұмбақтар жазылған.
Сөз үйретсең қайталайды,
Өздігінен айта алмайды.

Тілдерімен жүреді,
Уақытты біледі.

Құрғақ жерде сақтайсың,
Менсіз тамақ татпайсың.
Енді неге ұқсайды, көктемгі алғашқы гүлі қандай, сонда мына суретке не жетпей тұр екен. /бірнеше гүлді жапсырамын/

2- фаза. Мағынаны ашу. «Тест» стр.
Әр топқа таратпа карточкалар таратылады.
1- топ. Дара етістіктен күрделі етістік жаса
Жапты __________________
Жинады_________________
2 -топ Күрделі етістікті тап.
а/ қызыл гүл
ә/ әдемі гүл
б/ гүлдеп тұр
3 -топ Тырна тыраулайды
Қаз қаңқылдайды
Ал адам ше.......
4 -топ Атам жайлаудан құлынды бие мініп келді. Оны мама ағашқа байлап қойды.
Сөйлемнен сұрақ қойып етістікті тап.
5- топ. Қажетті етістікті қой.
Күн _________________. Өзен________________.
Дөңгелектің айналасына осы жалақшаны қоямыз, енді неге ұқсайды.
Күнге, күннің бейнесін суретке қоямыз.
3 -фаза Ой толғаныс. Кластер стр.
Дөңгелектің артында не бар екен.
Етістік
Сұрақтары:
Түрлері:
Суретке көңіл аударсақ, ненің суреті шықты? Суретке ат қою.
Көктем туралы шағын мәтін құрау. 5 минуттық эссе стр.
Оқушылар бірін – бірі бағалайды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама