Етістіктің лексика - грамматикалық сипаты
Қызылорда қаласы.
Таңқыбаева Ботакөз Рахманқызы
Етістіктің лексика - грамматикалық сипаты
Кіріспе
Негізгі тарау «Етістіктің лексика - грамматикалық сипаты»
1. 1. Етістіктің морфологиялық сипаттары
1. 2. Етістік тұлғаларының қолданылуы
1. 3. Етістіктің лексика - грамматикалық сипаты
1. 4. Етістік категориялары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория.
Заттың іс - қимылын, әрекетін, күйін, белгінің, көңіл - күйдің, қарым қатынастың қимыл түрінде өзгеруін білдіретін сөз табы етістік деп аталады. Етістіктер семантикалық жағынан қимылдың, іс - әрекетті, әртүрлі өзгеріс, құбылыстарды білдіреді. Сөздерді таптастырудың лексика семантикалық, морфологиялық және синтаксистік қағидаттарының белгілері етістік сөздердің өн бойынан табылатындықтан, етістіктің жеке сөз табы ретінде танылуы еш күмән тудырмайды. Сондай - ақ етістіктердің сөз табы ретіндегі қалыптасу тарихында кейінгі іргелі зерттеулерге негіз болған А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Исаев, Н. Оралбай, А. Қалыбаева т. б ғалымдардың еңбектерінің маңызы зор.
Осы тұрғыдан келгенде менің курстық жұмысыма арқау етіп алып отырған «Етістіктің лексика - грамматикалық сипаты» атты тақырыптың жаңашылдық сипаты да бар.
Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Қазақ мектебінің мұғалімдері мен оқушылары ана тілінің қасиеті мен байлығын бірі игеруге, бірі білуге ұмтылып отырса ғана ана тіліміздің алдындағы перзенттік борышымызды өтей аламыз. Қазіргі кездегі білім беру ғылымынң, мәдениеттің, ғылыми техникалық прогрестің даму деңгейіне сай болу қажет. Білім басталуы бастауыш мектептен басталады.
Алайда бұл мәселелер сексенінші жылдардың аяқ кезіндегі балаларды алты жастан бастап оқытуға көшкен қырық жылдық қазақ бастауыш сыныптарында өз шешімін әлі толық тапқан жоқ.
Қазіргі оқыту әдісінің барысында қолданылып жүрген негізгі әдістен бастауыш сынып оқушыларына информацияны меңгертуде түсіндіргенді қайталап айтып беруге баулу әдісі нәтиже бере алмай отыр. Яғни жаттап алған білім мен дағдының күнделікті тұрмысында пайдаланылмайтыны белгілі. Сондықтан бастауыш сыныптарда морфологиялық ұғымдарды меңгеруде әдістемелік жағдайларға мынадай әдістемелік міндеттер қойылады.
Сөзге немесе сөйлемге қатысты оқушылардың саналы лингвистикалық көзқарасын дамыту. Көрнекті құралдар қандай мақсатқа арналса да, олардың айқын, әдемі, қолдануға ыңғайлы болғаны дұрыс. Етістіктің мағынасын, оның лексика - грамматикалық сипатын, сөйлемдегі қызметін саналы түрде меңгерту.
Менің жұмысым аталған еңбектердегі етістіктің табиғатын танытуға арналады.
Зерттеу нысанасы ретінде етістіктің қазақ тіл біліміндегі зерттелу жайы, оның лексика - грамматикалық сипаты алынды.
Морфологиялық сипаттары
Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер дара етістіктер мен күрделі етістіктер деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Дара етістіктер
Дара етістіктер құрылымына қарай түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер деген екі топқа жіктеледі. Дара етістіктер мысалы: ек, жек, оқы, жаз, кел, аяқта, баста, қолда, арала, сабала, сүйреле, шапқыла, үймеле, кіріс, жуын, айтқыз т. т.
Түбір етістіктер
Түбір етістіктер деп арнаулы морфологиялық бөлшектері жоқ, демек, қазіргі кезде морфологиялық жағынан түбір және жұрнақ деп бөлшектеуге болмайтындай етістік формалары аталады. Мысалы: аз, ал, айт, алда, арба, ат, ас, аш, ақ, бар, бас, бат, бер, без, бол, бөр, байла, баста, бақырай, де, ез, ер, ес, жет, жала, жыла, же, жел, жебе, жорт, жи, жар, жаз, жүз, жүгір, илан, тасы, тара, тос, тол, тоқы, түс, үр, ұқ, шал, шай, шаш т. б.
Бірақ, өзге түбір сөздер сияқты, етістік түбірі де тарихи дамып отырғандықтан, олардың қатары да бірте - бірте толығып, көбейіп отырған, сол себептен түбір етістіктердің ішінде бұрын ұзақ замандар бойы, туынды сөз есебінде жұмсала - жұмсала келіп, бірте - бірте түбірі мен жұрнағын ажыратуға болмайтындай болып кеткен сөздер бар. Мысалы, жоғарыдағы етістіктердің ішінен: айт (ай+т), алда (ал+да), байла (бай+ла, бау+ла), бақырай (бақ+ырай), жыла (йығ+ла), баста (бас+та) дегендерді, сондай - ақ тоқта (тоқ+та), тоқыра (тоқ+ыра), болыс (бол+ыс), сөйле (сөз+ле), тула (ту+ла), шегін (шек+ін), шегер (шек+ер) т. т. тәрізді қазіргі шақта түбір саналып жүрген етістіктерді алсақ, жақша ішінде көрсетілгендей, әуелгі түбір сөздер мен жұрнақтардан кейбіреулері деформаланбай - ақ, кейбіреулері деформаланып бөлшектенбейтін түбірлерге айналып кеткен.
Туынды етістіктер
Туынды етістіктерге, әдетте, түбірлерден арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер жатады. Туынды етістіктерді тиісті түбірге және жұрнаққа бөлшектеуге болады, бірақ ол туынды тұлға есебінде қолданыла береді. Мысалы: ой+ла, той+ла, тер+ле, сүр+ле, ем+де, көз+де, тоқпақ+та, іс+те, сын+а, мін+е, мол+ай, ес+ей.
Есім негізді етістіктер
Есім негізді етістіктерге етістіктерден өзге сөз таптарынан жасалатын етістіктер жатады, олар арнаулы жұрнақтар арқылы көбінесе зат есімнен, сын есімнен, үстеулерден, еліктеуіш сөздерден, әредік одағайлардан жасалады.
Есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар мыналар:
- ла (- ле, - да, - де, - та, - те) жұрнағы;
- лан (- лен, - дан, - ден, - тан, - тен) жұрнағы;
- лас (- лес, - дас, - дес, - тас, - тес) жұрнағы;
- лат (- лет, - дат, - дет) жұрнағы;
- а (- е) жұрнағы;
- ай (- ей, - й) жұрнағы;
- қар (- ғар, - кер, - гер) жұрнағы;
- ар (- ер, - р) жұрнағы;
- ал (- әл, - ыл, - іл, - л) жұрнағы;
- ық (ік) жұрнағы;
- сы (- сі) және - ымсы (- імсі) жұрнақтары;
- сын (- сін) жұрнағы;
- сыра (- сіре) жұрнағы;
- ра (- ре, - ыра, - іре) жұрнағы;
- ырай (- ірей) жұрнағы;
тек белгілі бір есімдерден, кейбіреулері тек санаулы ғана есімдер мен етістіктерден туынды етістік жасайтын әрі көне, әрі маңдымсыз жұрнақтар бар. Оларға мыналар жатады:
- ы, - і (бай - ы, жас - ы, жан - ы, желп - і, кең - і, келк - і, тарп - ы т. б.)
- шы, - ші
- ан, - ен, - ын, - ін, - н
- ырқа, - ірке
- ырқан, - іркен
- ына, - іне
- қа, - ке, - ға, - ге
- ди, - тый, - ти

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.