Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Excel-де берілгендерді енгізу. Формула енгізу және көшіру.
1 - апта 1 - күн 1 - сабақ
Сабақтың тақырыбы: Excel - де берілгендерді енгізу. Формула енгізу және көшіру.
Сілтеме: Ғаламтор, «Информатика негіздері» журналы, 8 сынып информатика оқулығы 101 - 103 бет, allbanks. kz сайты
Жалпы мақсаты: Мәліметтер типін ажыратып, күрделі формулаларды құра біледі
Оқу нәтижесі: Мәліметтерді ажырата алады, Абсолютті, аралас және салыстырмалы сілтемелерді пайдаланып, формулаларды көшіріп күрделі экономикалық есептеулер жүргізеді.
Оқытудың / оқытудағы тәсіл АКТ, Сыни тұрғыдан ойлау, диалогты оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытуды басқару және көшбасшылық
1 - САБАҚ
САБАҚ ЖҮРІСІ
1. Ұйымдастыру /3 мин
Сергіту сәті. «Қорқынышты жеңу» психологиялық ойыны арқылы көңілді атмосфера қалыптастыру
Кесте, баған, қатар, ұяшық сөздері жазылған қағаздар таратылады, электрондық кестенің айтылу заңдылығын сақтап топқа бөліну. Жауап парағы таратылады.
2. Үй тапсырмасы / 3мин
«Келесі..» ойыны – 1 сұрақ 1 ұпай, қосымша жауап 1 ұпай – бонус беріледі.
Слайдтағы сұрақтарға жауап береді. Сұраққа жауап бере алмаған оқушы келесі дейді.
/Бағалау парағын толтыру/
3. Жаңа сабақ / 15 мин
«Не дер едіңіз?» толық жауап 10 ұпай
Берілген объектілер бойынша мәлімет жинақтап, флипчартқа жазу, оны топпен баяндау.

Мұхтар Әуезовтың «Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана – шын мәнінде қымбат табыс» сөзімен ой қозғау.
Яғни топтарды салыстыру, қай топ тақырыпты толық ашты, сіздерде не жетпеді? Пікір - талас туғызу.
/Бағалау парағын толтыру/

4. Бекіту /15 мин
«Валюта айырбастау» толық жауап – 5 ұпай. Практикалық тапсырма.
Банктердің валюта айырбастау курсын ғаламтор арқылы іздеп кестені толтыру. Сілтемелерді пайдаланып формула арқылы 45000 теңгені долларға немесе еуроға ауыстыру, 1500$- ды теңгеге немесе еуроға ауыстыру. Кесте соңындағы тапсырмаларға жауап беру. Өзіміздің шығарған калькулятор кестемізбен интернеттегі allbanks. kz сайтындағы онлайн калькулятор арқылы есептеп, нәтижелерді салыстырып, ең тиімді банкті анықтау. Әрбір топ өз жауабын қорғайды. Топ мүшелері баяндайды. /Бағалау парағын толтырады/
5. Үйге тапсырма /2 мин
Кем дегенде 5 банктен кредит алу калькуляторлық кестесін құрып, талдап келу. Ата - анамен кредит жөнінде әңгімелесу. Банктен жарнамалық буклеттер алып келу.
6. Сабақты қорытындылау /5 мин
Шеңбер болып тұрып, бүгінгі сабақта кездескен терминдерді қайталайды, глоссарий толтырады.
7. Бағалау, кері байланыс /3 мин
Бағалау парағын толтыру

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама