Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Фариза Оңғарсынова «Білім керек бәріне»
Сабақтың тақырыбы: Ф. Оңғарсынова. « Білім керек бәріне»
Сабақтың мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету. Оқушылардың ой қиялын дамыту. Білімділікке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың суреттері, оқулық, сөзжұмбақ, плакаттар.

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
- Бізде қандай апталық болып жатыр?
– Қандай тіл?
– Тіл туралы қандай мақал - мәтел білеміз?

II Үй тапсырмасын сұрау:
- Абай Құнанбаев кім?
- Қайда туылды? қай жылы? - Әкесінің аты кім?
- Әжесінің аты кім? - Анасының аты кім?
- Кімнің тәрбиесінде болды?
- Қандай шығармаларын білесіңдер?
Оқушылардан «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін сұрау.

III Өткен сабақты қорыту:

IY Ой қозғау
V Жаңа сабақ:
Фариза Оңғарсынқызы Оңғарсынова 5 желтоқсанда 1939 жылы Атырау облысында дүниеге келді. Ф. Оңғарсынова қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақырылымдарының депутаты. 2014 жылдың 23 қаңтар күні Астана қаласында ұзақ сырқаттан дүниеден өтті. Әдеби шығармалары: «Сандуғаш», «Алмас қылыш»,»Маңғыстау монологтары», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын».
Марапаттары: «Құрмет белгісі», «Парасат ордені», Қазақстанның халық жазушысы. Қазақстанның халық ақыны. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. «Білім керек бәріне» өлеңін оқып беріп, мазмұнын түсіндіру. Тізбектей оқыту.
Сергіту сәті:
Ана тілім ұраным,
Ана тілім - құралым,
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр әнім.

Сөзжұмбақты шешу:
1. Ұлы ақын. (Абай)
2. 2. Ең кіші бір таңбалы сан. (бір)
3. 3. Тігісті немен тігеміз? (қол)
4. 4. Бас киім. (бөрік)
5. 5.«Тоғай» сөзіне мәндес сөз. (орман)

Сабақты қорыту:
Бүгін не үйрендік?
Ф. Оңғарсынова кім?
Қандай өлеңін өттік?
Тест тарату. Бағалау
Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама