Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Файлдар мен қапшықтарды іздеу
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Файлдар мен қапшықтарды іздеу

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға файлдар мен қапшықтарды іздеудің жолдары туралы мәлімет беру;
Іздеудің әр әдістеріне жеке - жеке тоқталу;
Алған білімдерін іскерлік ойындар арқылы тиянақтай түсу;
Тәрбиелік: Жүрген орталарында кішіпейіл, сыйымды бола білуге баули отыра, білімді, шыншыл, өжет тұлғаны қалыптастыру;
Компьютермен жұмыс істеуде ұқыптылыққа, техника қауіпсізідігін сақтай білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық және шығармышылық қабілеттерін дамыту;
Оқушылардың өздігінен жұмыс істеп, қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын ашық айтуға үйрету;

Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, алгоритмдік, ойын әдісі, жеке - өзіндік жұмыс, оқушы - компьютер, оқушы - мұғалім;
Жаңа технология: Ақпараттық, компьютерлік, презентациялық, ойын элементтері арқылы оқыту технологиялар;
Көрнекіліктер: Оқулық, таратпа карточкалар, қарындаш, өшіргіш, компьютер, экран, презентациялар, слайдтар
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, математика, сурет

Сабақтың жүру барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Өткенді пысықтау
“Ақшақар хикаялары” ойыны.

1 - тапсырма:
Жаңа - жыл қарсаңында Ақшақар достарын қуантпақ болып жолға шығыпты. Алдымен ол Айгүл деген досының үйіне келіп, компьютеріне өздігінен қозғалып тұратын “2007 - Жаңа жылыңмен!” деген мәтін жазбақ болады. Кәне, Ақшақарға кім тез көмектеседі екен. Ол қандай әрекеттер орындауы керек?

2 - тапсырма:
Одан әрі Ақшақар Жомарт досының үйіне келіп, оның компьютерінің жұмыс үстелінің фонына қыс айына қатысты сурет қоймақшы болады. Ол үшін Ақшақар не істеуі керек? Кім тез көмектеседі?

3 - тапсырма:
Аяғында Ақшақар Жанат досының үйіне келіп, оның компьютерінің сағатын 12:00-ге және күнін 31:12:2007-ге өзгертпек болады. Ол үшін Ақшақар қандай әрекеттерді орындау керек? Кім тез көмекке келеді?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
а) Файлдар мен қапшықтарды іздеу не үшін қажет?
ә) Файлдарды табу командасын іске қосудың жолы.
б) Файлдарды аты бойынша іздеу.
в) Файлдарды мәтін үзіндісі бойынша іздеу.
г) Файлдарды уақыт мерзімі бойынша іздеу.
д) Файлдарды типі мен өлшемі бойынша табу.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.
“Ұмытшақ досыма көмек” ойыны.
Оқушыларға жаңа сабаққа қатысты тапсырмалар беріледі.

1 - тапсырма:
Бірде ұмытшақ досың саған тез арада “мектеп” деген құжатты тауып бер деп өтінді. Қалай табасың?
2 - тапсырма:
Бірде ұмытшақ досың саған бір құжатты таба алмай отырмын, қалай сақтағанымды білмеймін, тек ішінде “Пифагор теоремасы” бар екенін білемін деп көмек сұрайды. Сен қалай көмектесесің?
3 - тапсырма:
“Ұмытшақ досың” саған келіп, мен бір құжатты таба алмай отырмын, оның атын да, ішіндегі мәтіні де есімде жоқ, әйтеуір 2 ай шамасында жазған едім. Соны туып бер деп көмек сұрады. Қалай көмектесесің?
4 - тапсырма:
“Ұмытшақ досың” саған келіп, мен бір құжатты таба алмай отырмын, оның атын да, ішіндегі мәтіні де, жазылған уақыты есімде жоқ, әйтеуір 6 бет, яғни 45 Килобайттай жазғаным есімде. Соны туып бер деп көмек сұрады. Қалай көмектесесің?

V. “Сөйлемді аяқта” сергіту ойыны. /көп нүктенің орнына керек сөзді қою/
1) Компьютер мен адам арасындағы ыңғайлы әдіс... деп аталады. /интерфейс/
2) Адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануына мүмкіндік беретін операциялық жүйені... операциялық жүйелер деп атаймыз. /бірміндетті/
3) Компьютерде бірнеше қолданушы жұмыс істеу үшін олардың әрқайсысына... құрылғысы орнатылуы керек. /терминал/
4) Ақпараттың компьютерде сақталған түрін.... деп атаймыз.
/файл/

“Жаңа жылдық шырша” сергіту ойыны. /әр берілген дұрыс жауап арқылы шырша элементтерін құрастыру/
Қойылатын сұрақтар:
1) Файлдар мен қапшықтарды іздеу қандай команда арқылы орындалады?
2) Файлдар мен қапшықтарды іздеудің қандай тәсілдері бар?

VІ. Сабақты қорытындылау.
Жаңа сабақ бойынша оқушылардың білімін бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма.
6. 5 тақырып
Компьютерді желі арқылы іздеудің жолын оқып, жазып келу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама