Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Frame компонентін пайдаланып  қосымша жасау
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: Frame компонентін пайдаланып қосымша жасау.
Білімділік мақсаты: Visual Basic программалау ортасында жұмыс істеу қабілеттерін арттыру. Компоненттердің қасиеттерін және процедураларын жазуда оқушының танымдық қабілетін жетілдіру.
Дамытушылық мақсаты: Проблема туындағанда одан шығу тәсілдерін меңгерту. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасау.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың эстетикалық қабілетін және ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Түрі: Проблемалық сабақ
Типі: Оқушы білімін бекіту
Әдісі: Топтық жұмыс, интерактивті сұрақ - жауап
Көрнекілігі: интерактивті тақта, проектор, слайдтар, тест, бағалау парағы

І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа назар аударту, компьютермен жұмыс жасау журналына белгі қойғызу.

ІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру.
(Интерактивті тақтамен жұмыс)
Қарсы топ бір-біріне сұрақтар қояды. Сұрақ қоюшы оқушыларға қойылатын шарт: Қажет компоненттің аты аталмай оның атқаратын қызметіне қарай айтылуы тиіс.
Мысалы:
1. Visual Basic программасын іске қосыңыз.
2. Топтастыру үшін қолданылатын компонент орналастырыңыз.
3. Қандай негізгі қасиеттері бар?
4. Frame обьектісіне ат жазыңыз.
5. Frame объектісінің түсін өзгертіңіз.
6. Батырма жасау компонентін формаға түсіріңіз.
7. Түсіндірме сөз жазу үшін компонент орналастыр.
8. Мәтін енгізу алаңын формаға түсіріңіз
9. Форма бетіндегі обьектілерді топтастырыңы.

ІІІ. Сабақты бекіту
А) Компьютермен жұмыс.
Frame компонентін пайдаланып қосымша жасау.
№1
Мой документы бумасындағы tap1 файлын ашып, тапсырманы орындаңыз. Сәйкес объектілерді топтастырып, сұрақтарға жауап бер.
№2
Шығармашылықпен жұмыс жасау.

Б) Интерактивті тақтамен жұмыс .
Бұрын және дұрыс орындап болған оқушы жұмысын сет арқылы тақтада көрсетіп, пайда болған проблемалық сұраққа жауап жазу керек.
Оқушылардың шығармашылық жұмысын тақтада көрсету.

ІV. Сабақты қорытындылау.
Тест жұмысын компьютерде орындау.
1. Форманың Font қасиеті не үшін қолданылады?
А) Формаға ат қою
Б) Форманың фонының түсін орнату
В) Шрифтті орнату*

2. Text1. Text=” “ операторы қандай қызмет атқарады?
А) Text1 объектісінің Text ” “ мәнін орнатады
Б) Text1. объектісінің Text алаңына текст енгізеді
В) Text1. объектісінің Text қасиетінің мәнін тазалайды *

3. TextBox қандай басқару элементі
А) Жазу *
Б) Тізім
В) Аралас өріс

4. ListBox қандай қызмет атқарады?
А) Жазу
Б) Тізім *
В) Аралас өріс

5. Қасиеттер терезесін қандай команда арқылы іске қосады?
А) View-Code
б) View-Propperties Window*
в) обьектілер терезесін екі рет шерту арқылы

6. Frame компоненті не үшін қолданылады?
А) формадағы объектілерді топтастрыу үшін
Б) Түсініктеме жазу үшін
В) Тізім жасау үшін

7. New Progect терезесінің қосымша беттерін ата
А) Menu, Form, Project
Б) New, Existing, Resent
В) Open Project, Save Project, Add Form

8. Жаңа проект ашу үшін қандай команда орындалады?
А) View- Project Exploler
Б) File- New Project *
В) View- Code
9. Visual Basic программалау ортасы қалай қосылады?
А) New Project- StandartEXE ашу түймесін шерту арқылы
Б) Жаңа проект ашуда
В) Программалау ортасы жүктелгеннен кейін
10. Frame компонентінің түсін қалай орнатады?
А) BackColor*
Б) Font
В) ForeColor
Бағалау компьютер өзі шығарады. Ол мына параметр бойынша ұйымдастырылған.
Жауап >90% “5”
60%< жауап=""><90%>
40%< жауап=""><60%>
Жауап <40%>
Топ басшыларына сұрақ.
Private Sub Command1. Click()
X=val(text1. text)
Y=3+x*x
Label1. Caption=”y=”+str(y)
End Sub
№1. Жоғарыдағы программада х-тің мәнін қандай компонент арқылы енгіземіз?
№2. Жоғарыдағы программада нәтиже қандай компонент арқылы беріледі?
№3. Жоғарыдағы программада х-тің мәні 5-ке тең болғанда қандай нәтиже аламыз?

V. Оқушыларды бағалау парағы арқылы бағалау.
Топ нәтижелерін хабарлау.
VІ. Үйге тапсырма беру.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама