Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Футбол әлеміндегі ауыр жарақаттар

АЛЬФ-ИНГЕ ХОЛАНД

2001 жылы Манчестерлік дербиде МЮ ойыншысы Рой Кин МС жартылай қорғауышысының Холандтың тізесіне теуіп, нәтижесінде Холланд ауыр жарақат алды. Холланд бұл жарақаты айықаннан кейін небәрі 2-3 ойын ғана ойнап, 29 жасында футболшы мансабын аяқтады. Кейін, Рой Кин Холландтың тізесіне әдейі тепкенін мойындады. 

 

ДЖИБРИЛЬ СИССЕ

Екі ауыр жарақаттың кесірінен, өз уақытының дарынды футболшысы саналған Джибриль Сиссенің мансабы, едәуір өзгерлі. Бірінші жарақатын Сиссе Блэкберн командасының қорғаушысы Джеймс Макивлимен соқтығысып алды. Бұл соқтығыс нәтижесінде Сиссенің аяғы сынып кетті. Дәрігерлердің көмегінің арқасында Сиссе бұл жарақтынан айығып, өзінің бұрынғы ойын деңгейіне көтеріле білді.
Бірақ одан кейін Қытай құрамасымен өткізген жолдастық кездесуде оның аяғы тағы сынды. Ол бұл жарақаттан да айықты, бірақ өзінің бұрынғы ойын деңгейіне жете алмады.

 

ЭДУАРДО ДА СИЛВА

2008 жылы 23 қаңтарда Бирмингем командасына қарсы өткізген матчта, Арсенал командасының ойыншысы Эдуардо да Силва Бирмингем ойыншысы Мартин Тейлормен соқтығысты. Бұл соқтығыста Эдуардоның аяғы қақ сынды. Ол бұл жарақаттан бір жыл уақыт шамасында айықты.

 

АЛАН СМИТ

2006 жылы 18 ақпан айында МЮ және Ливерпул командалары арасында болған Англия кубогінің матчынта, алаңға 2-таймда шыққан МЮ ойыншысы Алан Смит, ойынның аяғына тақағанда Ливерпул ойыншысы Йоан-Арне Риисе-мен қақтығысып, аяғы сындырып алды. Алан Смит бұл ауыр жарақаттан кейін бұрынғы ойын деңгейін көрсете алмады, нәтижесінде Ньюкасл командасына ауысып кетті. Қазіргі таңда ол Англияның бірінші дивизионында Милтон Кинс Донс командасында ойнайды.

 

ААРОН РЭМСИ

2010 жылы 27 ақпанда Сток Сити және Арсенал клубтарының арасында болған матчта, Арсенал ойыншысы Рэмси Сток Сити қорғаушысы Райан Шоукросспен соқтығысып, аяғы сынды. Рэмсидің бұл жарақатынан айығуына 8 айдай уақыт кетті. Қызыл қағаз алған Райан Шоукросс алаңнан жылап кетті.

Райан Шоукросс алаңнан жылап кетіп бара жатты

Райан Шоукросс алаңнан жылап кетіп бара жатты


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама