Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Физика әлеміне саяхат
Мақсаты: Білім стандартын меңгерудің тиімді жолдары, оқушылардың білімдерін кеңейту, шығармашылыққа баулу, ұйымшылдыққа үйрету.
Өтетін орны: Физика кабинеті.
Көрнекіліктері: компьютер, кадоскоп, плакаттар, құрал жабдықтар.

Жұмыстың барысы:
1) Әділқазылар мүшелерімен таныстыру.
2) Топтарды таныстыру:
1 - топ «Тоқ күші»
Ұраны: Тоқ күшіміз алға ғана шығатын,
Тоқ күшіміз мұғалімді ұғатын.
Тоқ күші өте жүйрік есепке,
Тоқ күшіне оңай логикалық есепте.
2 - топ «Электроскоп»
Ұраны: Біз электроскоп тобымыз,
Жеңіске жетер қолымыз.
Есепке жүйрік, сөзге шешен,
Сайыста болар жолымыз.
3) Сайыстың өту тәртібімен таныстыру. Бағалау парақтарын тарату.
● Топтың газеттерін бағалау
● Төс белгілерін бағалау
● Ұрандарын бағалау
● Сұрақ - жауап:
1 - оқушы: Жылулық қозғалыс деген не? (молекулалардың ретсіз қозғалысы)
2 - оқушы: Диффузия деген не? (бір зат молекуласының басқа бір зат молекуласына енуі )
3 - оқушы: Дененің ішкі энергиясы деген не? (молекулалардың жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясымен өзара әрекеттесуінің потенциалдық энергиясының қосындысы)
4 - оқушы: Жылу өткізгіштік деген не? (қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге жылудың берілу құбылысы)
5 - оқушы: Конвекция деген не? (сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы)
6 - оқушы: Балқу деп нені айтады? (заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі)
● Топтар дайындаған сиқырды тамашалау
● Топтар дайындаған жоба
● Топ басшыларының жарысы: физик ғалымдарды атау: Ломоносов, Кулон, Ампер, Ом, Ньютон, Столетов, Герц, Резерфорд, Максвелл, Юнг, Френель, Эйнштейн, Бор т. б
● Сұрақ - жауап:
7 - оқушы: Кристалдану деген не? (заттың сұйық күйден қатты күйге айналу процесі)
8 - оқушы: Булану деген не? (сұйықтың буға айналу құбылысы)
9 - оқушы: Кебу деген не? (сұйықтың бетінде жүретін булану)
10 - оқушы: Қаныққан бу деген не? (өз сұйығымен динамикалық тепе теңдікте болатын бу)
11 - оқушы: Меншікті булану жылуы деген не? (сұйықтың бірлік массасын қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылу)
12 - оқушы: Электроскоп құралы не үшін қолданады? (электрленуді байқауға арналған құрал)
● Электр тізбегін құрастыру: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Сұрақ - жауап:
13 - оқушы: Электр тоғы деген не? (еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы)
14 - оқушы: Тоқтың қандай әсерлері бар? (жылулық, химиялық, магниттік, физиологиялық)
15 - оқушы: Тоқ күші деген не? (өткізгіштің көлденен қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасы )
16 - оқушы: Кернеу деген не? (тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы)
17 - оқушы: Ом заңы деген не? (тізбектің бөлігіндегі тоқ күші кернеуге тура пропорционал, кедергісіне кері пропорционал)
18 - оқушы: Джоуль - Ленц заңы деген не? (өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері тоқ күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне, тоқтың жүру уақытын тура ропорционал)
19 - оқушы: Металдардағы электр тоғы деген не? (еркін электрондардың реттелген қозғалысы )
20 - оқушы: Газдардағы электр тоғы деген не? (электрондармен оң және теріс зарядталған иондардың бағытталған қозғалысы)
21 - оқушы: Вакуумдегі электр тоғы деген не? (термоэлектрондық эмиссия нәтижесінде алынған электрондардың бағытталған қозғалысы)
22 - оқушы: Электролиз заңы деген не? (электролиз кезінде электродта бөлінген заттың массасы электролит арқылы өтетін заряд мөлшеріне пропорционал)

● тапсырмалар:
«Тоқ күші» тобына
Майшамды жағып, үсті ашық тұрған шыңы ыдыстың ішіне қояды. Ыдыстың үсті ашық тұрса, майшам жанып тұрады.
Сұрақ: ыдыстың үстін жапқанда, майшам неге өшеді?
(ауаның болмағанынан)

«Электроскоп» тобына
Әр түрлі материалдан жасалған темірлерге пластилинмен кішкене шегелерді жапсырып қояды. Темірлердің ортасын майшаммен қыздырады.
Сұрақ: шегелер неге әртүрлі уақытта түсе бастайды?
(жылу өткізгіштерінің әр түрлі болуына байланысты)

● Сайысты қорытындылау.
● Марапаттау.
Қатысқандарыңызға Рахмет!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама