Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Физика жылдық тест тапсырмасы-8 сынып
Алматы облысы, Балхаш ауданы,
Береке ауылы, Береке орта мектебі
МДШО - ның физика пәні мұғалімі
Нұрханова Ләззат Сүйеубайқызы

Физика 8 - сынып
Жылу құбылыстары
Екі дене арасында болатын жылу алмасу кезіндегі жылулық тепе - теңдіктің орнауына негізделген әдіс:
А. Уақытты өлшеу әдісі
В. Көлемді өлшеу әдісі
С. Температураны өлшеу әдісі
Д. Қысымды өлшеу әдісі
2. Жылулық қозғалыстың толық теориясын қай жылы, кімдер жасады?
А. 1905 - 1906 жж. А. Эйнштейн мен М. Смолуховкий
В. 1903 - 1906 жж. А. Эйнштейн мен М. Ломоносов
С. 1905 - 1906 жж. А. Эйнштейн мен М. Ломоносов
Д. 1903 - 1906 жж. А. Эйнштейн мен М. Смолуховский
3. Химиялық энергия, атом энергиясы, ядроның ішкі энергиясы энергияның қай түріне жатады?
А. механикалық
В. потенциалдық
С. кинетикалық
Д. ішкі
4. Ішкі энергияның өзгерісіне мысал болатыны:
А. мыс кесегін балғамен бірнеше рет соғу
В. кеседегі шайға қант салу
С. оқушының сабаққа дайындалуы
Д. үстеу бетіне балғаны қою
5. Не себепті температурасы (- 780) құрғақ мұз кесегін алақанымызға ұстай аламыз?
А. сұйықтардың жылу өткізгіштігі нашар болғандықтан
В. газдардың жылу өткізгіштігі нашар болғандықтан
С. қатты денелердің жылу өткізгіштігі нашар болғандықтан
В. газдардың жылу өткізгіштігі жақсы болғандықтан
6. Атмосферадағы конвекциялық ағындардың пайда болуына мысал болатыны:
А. жауын-шашынның себелеуі
В. су құбырынан аққан су ағыны
С. қардың бетінде шаңғымен сырғанау
Д. желдің теңізден құрлыққа қарай соғуы және жағадан теңізге қарай соққан самалдың пайда болуы
7. Металл бөлшекті егеумен өңдесе қызады. Осы жағдайда металл бөлшекке белгілі бір жылу мөлшері берілді деп айтуға болама?
А. болмайды, себебі бөлшектің ішкі энергиясы жылу өткізгенде емес, жұмыс жасағанда ғана артады
В. болмайды, себебі бөлшектің ішкі энергиясы жылу өткізгенде артады
С. болады, себебі бөлшектің ішкі энергиясы жылу өткізгенде емес, жұмыс жасағанда ғана артады
Д. болады, себебі бөлшектің ішкі энергиясы жылу өткізгенде артады
8. Жану кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі жылу алмасу арқылы емес, отынмен байланысты болатын жылу...
А. физикалық құбылыстар есебімен жүреді
В. жылулық құбылыстар есебімен жүреді
С. химиялық құбылыстар есебімен жүреді
Д. механикалық құбылыстар есебімен жүреді
9. Массасы 5 кг бензин толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді (qбен=4, 6*107Дж/кг)
А. 23*105 Дж
В. 23*105 кДж
С. 2, 3*105 Дж
Д. 2, 3*105 кДж
10. Механикалық энергиямен ішкі энергияның қосындысын қандай энергия деп атайды?
А. толық энергия
В. механикалық
С. кинетикалық энергия
Д. потенциалдық

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама