Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Физикадан факультативтік сабақ жоспары
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы,
Аққайнар ауылы, «Чернова орта мектебі» КММ
физика пәні мұғалімі Жельменова Гульнар Нуркасовна

7-сынып «Жұлдызды аспан» факультативтік курсы
Тақырыптық - күнтізбелік жоспары
Түсінік хат
Жаратылыстану - математика бағытында жұмыс жасайтын мектеп болғандықтан физикаға берілген факультативтік курсты оқытуда ғарыш тақырыбына көңіл бөлуді жөн көрдім.
Астрономия, физика, ғарыш бір - бірімен тығыз байланысты және қазіргі физикалық білімнің ажырамайтын бөлігі.
Физика мен астрономияның байланысын тереңірек көрсету үшін, оқушылардың астрономиялық білімдерін кеңейту мақсатында 7 - сыныптар үшін «Жұлдызды аспан» факультативтік курсының жоспары жасалды. Бұл курс арқылы оқушылар ғаламды тануды шоқжұлдыздарды, жеке жұлдыздарды танып білуден бастап үйренеді.
Астрономия - ежелден келе жатқан ғылым, адамзат өз тіршілігін бастағаннан - ақ күнделікті тұрмысында жұлдызды аспанға қарап, жер бетін бағдарлауға және уақыт есебін жүргізуге машықтанған. Бұл курс арқылы оқушылар шоқжұлдыздарды танып біле алады, төңіректі бағдарлау жолдарын іс жүзінде қолданып үйренеді, ертедегі халық астрономиясының элементтерімен танысады. Күнделікті тұрмыс қажеттілігінен туындаған жұлдызды аспанды зерттеу біртіндеп үлкен ғылымға жол ашқаны баршамызға мәлім.

Курстың мақсаты
1. Әлемде жүріп жатқан құбылыстардың физикалық мағынасын жұлдыздар әлемін тану арқылы түсіндіру.
2. Оқушыларды практикалық астрономия элементтерімен таныстыру.
3. Оқушылардың астрономиялық білімдерін кеңейту, физика мен астрономияның байланысын нақтылау.
4. Жұлдызды аспанды танудың түрлі тәсілдеріне көңіл бөлу.

Курстың міндеті
1. Оқушыларды жұлдыздар мен шоқжұлдыздарды пайдаланып бағдарлануға үйрету.
2. Аспанда қарапайым бұрыштық өлшеулер жүргізуге үйрету, дағдыландыру.
3. Навигациялық шырақтармен таныстыру.
4. Оқушыларға жұлдызды аспанды өз беттерімен бақылау тәсілдерін үйрету.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама