Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Физикалық турнир /интеллектуалдық ойын/
Тақырыбы: Физикалық турнир /интеллектуалдық ойын/
Мақсаты: Оқушылардың ауызша есептеу қабілетін, білім деңгейі мен шығармашылық қабілеттерін, пәнге қызығушылығын арттыра отырып, есте сақтау арқылы өз ойын жеткізе білу дағдысын дамыту. Ұқыптылыққа, байқампаздыққа төзімділікке, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа, еңбектенуге тәрбиелеу.

Барысы: Ойын VІІІ турдан тұрады.
І тур. «Бәйге»
ІІ тур. «Кім алғыр»
ІІІ тур. «Кім шапшаң»
IV тур. «Полиглот»
Ү тур. «Ғажайып үштік»
ҮІ тур. «Шешендік»
ҮІІ тур. «Көкпар»
ҮІІІ тур. «Жорға»
Ойынымызды бастамас бұрын әділ - қазылар алқасымен таныстырайық

І тур. «Бәйге»
Бұл турда оқушылар сұрақтарға жауап береді. Әр бір сұрақ 10 ұпай мен бағаланады.
1. Өзінің сандық мәнімен кеңістікте бағытымен де сипатталатын қандай шамалар?
2. Дененің жылдамдығы кез келген бірдей уақыт аралықтарында бірдей шамаға өзгеріп отыратын қозғалысты қандай қозғалыс деп атайды?
3. Теңайнымалы қозғалыс неше түрге бөлінеді?
4. Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама?
5. Сан мәнімен ғана сипатталатын қандай шама?
6. Қисық траектория бойымен қозғалыс қандай қозғалыс?
7. Дененің Жерге тартылуы салдарынан оның тірекке немесе аспанға әрекет ететін күші?
8. Дене массасы мен қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең физикалық шама?
9. Энергияның өлшем бірлігі?
10. Маятниктің түрлері?
12. Периодқа кері шама?
11. Тербелістердің негізгі сипаттамалары?
13. Дененің тепе - теңдік күйден ауытқуын?
14. Серпімді ортада таралатын тербелістер?
15. Адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік
Бояу беретін дыбыстың сапасы?

ІІ тур. «Кім алғыр?»
1. Кім барлық тілде сөйлейді?
2. Ашық ыдыстағы су неге азаяды?
3. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді?
4. Теңізде қандай тастар табылмайды?
5. Елеуішпен су әкелуге бола ма?
6. Алты аяқ, екі арқа, бір бас?
7. Қай кезде аспан Жерден төмен тұрады?
8. Жүгі болса жүреді, жүгі жоқта тұрады?
9. Дүниедегі ең жүйрік?
10. Қандай ыдыстарға су құйылмайды?
11. Көзіңмен көресін бірақ ұстай алмайсын?
12. Неліктен су отты сүндіреді?
13. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса, ішінде не қалады?
14. Егер түнгі 12 жаңбыр жауса, 72 сағаттан соң күн ашылып шуақ түсе ме?
15. Алманың жартысы неге ұқсайды?

ІІІ тур. «Кім шапшаң»
Физикалық құралдарды білесің бе?
1. Мензурка қандай құрал?
2. Динамометр не өлшейді?
3. Барометр не өлшейді?
4. Ареометр?
5. Термометр?
6. Таразы?
7. Кернеу?
8. Микраскоп?
9. Телескоп?
10. Токты өлшейтін құрал?
11. Секундомер?
12. Қуат?
13. Манометрлер?
14. Кедергі?
Ең аз ұпай жинаған бір ойыншы ойыннан кетеді.

ІҮ тур. «Полиглот»
Жұмбақтың жауабын үш тілде айту. жауап 30 ұпай мен бағаланады.
1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, ұзындығы жазулы тұр бойында

2. Жиырма төрт батыр бірін - бірі жеп жатыр.

3. Алды – артымыз шексізде
Жете алмайсың біздерге
Сәуле мен кесінді
Шыққан тегін білесін де?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама