Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ғабит Мүсірепов «Жаңа достар»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағдай жасау, «Қазақ солдаты» романынан үзіндінің тақырыбы мен идеясын ашу.
2. Дамытушылық: өз бетінше талдау, зерттеу жұмыстарына машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жағдай жасау.
3. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: портрет, тірек сызба суреттер, электронды оқулық.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих, география.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. С. Мұқанов «Лашын»әңгімелеу.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру

Жаңа сабақ
• Электронды оқулықпен жұмыс.
• Электронды оқулықтан Ғ. Мүсіреповтың өмірі жайлы мағлұматтар алу.
• Оқулық бойынша Ғ. Мүсіреповтың өмірі жайлы жоспар бойынша әңгімелеу.
1. 1902 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында туған.
2. Ғабит ауыл ақсақалдарына «Қыз Жібек», «Қобланды батыр», «Ер Тарғын» жырларын оқып беріп, жаттап алған.
3. Әңгіме жазудың шебері.
4. Пьесалары: «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Амангелді».
5. Романдары: «Оянған өлке», «Қазақ солдаты».

VІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ - жауап
Шығарма оқиғасы кімнің атынан баяндалады?
Роман қай кездегі өмірді суреттеп отыр?
Қайрош қалаға кіммен және неге қашып келеді?
Жайық өзені, Каспий теңізі көріністері мен Қайроштың көңіл күйінде қандай ұқсастық бар?
Шеген мен Бораштың сыртқы кескін – келбетін, мінез – құлқын, іс – әрекетін, тұрмыс – жайын суреттейтін көріністерді мәтіннен табыңдар. Шегеннің портретін ашу үшін жазушы қандай теңеулерді қолданған?
Шеген Қайрошқа неліктен сеніммен қарайды, оған қандай қамқорлық жасалды, қандай шарт қойды? Балалар күнкөріс жолында не істеді?
Қайрош балалар үйіне қалай әкелінді?
Қайрош ана құшағында қандай шаттық сезімге бөленді?
Қайрош шешесімен бірге ауылға қайтып кетпей, неге балалар үйінде қалды? Ол нені арман етеді? Апасы оған қандай аманаттар тапсырды?
Шығарманы ең басты – басты мәселелер бойынша бөлімге бөліп, әр бөлімге лайық ат қойыңдар.
Шығармада жазушы қолданған мақал – мәтелдерді дәптерлеріңе теріп жазыңдар. Осы нақыл сөздердің оқиғаға қандай қатысы бар екенін анықтаңдар.
Жазушының табиғатты суреттеу шеберлігіне ықылас аударыңдар.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Балалар біз бүгін не білдік, не үйрендік?
Инсерт әдісі

VІІІ. Сабақты қорыту: сұрақ - жауап арқылы сабақты бекітемін.
1. Бағалау.
2. Үй тапсырмасын беру.
1. Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» мазмұндау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама