Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ғажайып алаң
«ҒАЖАЙЫП АЛАҢ» интеллектуалды ойынының бағдарламасы
Ойынның мақсаты:
1. Оқушылардың әр түрлі пәндер бойынша алған білімдерін іс жүзінде қолдана білулеріне қол жеткізу, білімдерін тереңдету.
2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, өз ойларын толық жүйелі түрде жеткізе алу қабілеттіліктерін дамыту.
3. Оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық белсенділіктерін нығайту.

Қажетті құралдар:
Бетіне пәндер жазылған айналмалы тақтайша, слайдтар.
Өткізу тәртібі:
• Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар, көрермен қауым! Төл валютамыз теңгенің шығуына 20 жыл толуына байланысты, қаржыгерлер күніне орай «Экономикалық білім мен экономикалық тәрбие - ел потенциалын көтеру негізі» тақырыбындағы бухгалтерлік есеп апталығының «ҒАЖАЙЫП АЛАҢ» интеллектуалды ойынына ҚОШ КЕЛІПСІЗДЕР!!!

• Кіріспе. Білімді, сауатты, бәсекеге қабілетті адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Сондықтан күні ертең ғалым, белгілі бір маман иесі болатын жастар мұны жақсы түсінуі тиіс. Кім дамымаса, алға қарай жүрмесе, өз орнын бәсекеге қабілетті маманға беруіне тура келеді. Жетекші халықаралық консалтингтік «МакКинси» компаниясының кеңесшілері айтқандай: «Алға қарай жүр немесе жол бер». Қазіргі бәсекелі дүниеде нақ осы қағида басшылық етеді. Және бұл қағида көп ретте өмірлік ұстанымдарды анықтауы тиіс. Бақытты кезеңде өмір сүріп жатқан жастарға өзін таныту үшін мүмкіндіктер өте көп, бұл туралы аға ұрпақ жастық жылдарда армандай алмайтын. Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік - жігері бар адамдардың уақыты. Мемлекет жастар үшін барлық жағдайды жасап отыр. «Жастық шақ - бұл тамаша нәрсе; оны рәсуа ету қылмыс...» - деген екен Бернард Шоу. Тек оқу, күш - қуатыңды аямастан еңбек ету керек, сонда ғана ойлаған арманға жетуге болады. «Қазақстан» сөзі әлемдік аренада қуатты естілуі тиіс. Ал оның жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл, жас отаншыл патриот халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.
(ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың сөзінен)
Ал енді құрметті көрермендер ойын шартымен таныстырмас бұрын, сарапшы топ құрамымен таныстырып өтейін.
Сарапшы топ:

Ойынның шарты:
1. Ойынға қатысу құқығын алу үшін барлық оқушыларға іріктеу сұрақтары қойылады. Ойынға қатысу үшін жалпы 9 оқушы іріктеледі. Дұрыс жауап берген алғашқы үш оқушы І айналымда, кейінгі үш оқушы ІІ айналымда, қалған үш оқушы ІІІ айналымда ойнайды. Әр айналымға шыққан оқушылар барабанды айналдырады, ондағы бағыт қай пәнге тоқтаса, оқушы сол пәннен сұраққа жауап береді, ойлануға 1 минут уақыт бөлінеді. Дұрыс жауап берсе, І айналымның жеңімпазы болады, жауап дұрыс болмаса, ойын кезегі келесі оқушыға өтеді. Жеңімпаз анықталғанша жауап болмаса, барабанды 3 мәртеге дейін айналдыру құқығы бар, осы аралықта жеңімпаз анықталмаса, бұл айналымнан ақтық ойынға ешкім шықпайды. Келесі айналымдардың да шарты дәл осындай.

2. Үш айналымнан шыққан жеңімпаздар ақтық айналымда ойнайды. Бұл айналымның ерекшелігі пәндерден қойылған сұрақтардың жауаптарына ұпай қойылады. Соңында ең көп ұпай жинаған оқушы супер ойынға жолдама алады және І орынды иеленеді, келесі екі оқушы жинаған ұпайларына қарай ІІ және ІІІ орынды алады. Әр орынға өзінің арнайы жүлдесі бар. Жүлдегер жеңімпаздың супер ойынды ойнауға немесе ойнаудан бас тартуға құқығы бар. Егер ойыншы супер ойынды ойнап жеңсе, онда оған қосымша сый беріледі, егер бас тартса І орын жүлдесімен қалады.
Ойынның шарты осындай, ендеше құрметті көрермен ойынымызды бастаймыз!

ІРІКТЕУ СҰРАҚТАРЫ:
1. «Абай жолы» романының І томының І тарауы қалай аталады?(Қайтқанда)
2. Орталық Қазақстандағы тау (Ұлытау)
3. Жұмулы көзбен нені көруге болады? (түс)
4. ҚР туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
5. «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» әңгіменің авторы кім? (Бейімбет Майлин)
6. ҚР Конституциясы қанша бөлім, қанша баптан тұрады? (9 бөлім, 98 бап)
7. Қазақ алфавитінде қанша әріп бар? (42 әріп)
8. ОҚО арнаулы кәсіптік колледжі ең алғаш қай жылы құрылған?(1948ж.)
9. Түркістанды астана еткен хан (Есім хан)
Қосымша сұрақтар:
1. Ұлттық валютамызға неше жыл? (20 жыл)
2. 100 жылды өтпелі кезеңді қалай атайды? (Ғасыр)

Ойыншыларымызды іріктеп алдық, ал енді ойынымызды бастаймыз. Ойыншыларға СӘТТІЛІК тілейік!!!

Бірінші үштік айналым ортаға шығады, барабан айналдырылады.
Математика пәнінен сұрақтар:
1. Еш жерде қиылыспайтын түзулер (параллель сызықтар)
2. 12 бұтағы бар алып емен
52 шыбық өсіп өнген
Шыбық сайын 7 - ден жапырағы
Бар ма еді ағаш сондай көзін көрген? (12 ай, 52 апта, 7 күн)
3. Жаңа туған пілдің баласы 1 тоннаның 1/8 бөлігін тартады. Жаңа туылған пілдің баласы неше кг. тартады? (125кг.)
4. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында
Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш)
5. ХVIІ ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген шотландиялық математик (Джон Непер)

Информатика пәнінен сұрақтар:
1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
2. Адам мен компьютердің қарым - қатынас тілі (интерфейс)
3. 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым (Блез Паскаль)
4. Ең алғашқы программаны жазған адам (Ада Лавлейс)
5. «Көбейтілуге» және басқа программаларға «жұғуға» қабілетті шағын компьютерлік программа (вирус)

Физика пәнінен сұрақтар:
1. Ток күші немен өлшенеді?(Ампермен)
2. Македонский заманында уақыттың көрсеткіші немесе өлшеуіші болып не табылған? (тауық)
3. «Электр» ұғымын физика ғылымына енгізген ғалымды атаңыз. (француз физигі Ампер Андре Мари)
4. Бұл тіршілік иелері өз жемтігін іздемейді. Б. э. д. 30 - шы жылдары Диаскард осы тіршілік иелерімен созылмалы бас ауруын емдеген. Оларды тірі «электр станциясы» деп атаған.(скат балығы)
5. Кернеу немен өлшенеді? (Вольтпен)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама