Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
«Ғажайып микроәлем» элективті курс
«Ғажайып микроәлем» элективті курс.

Түсінік хат.
7 - сыныпқа арналған «Ғажайып микроәлем» атты элективті курс 34 сағатқа арналған.
Мектеп курсында өте ұсақ тірі ағзалар әлемі – бактериялар, төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар, қарапайым жануарлар тарауларын оқуға сағат аз берілген, осыған байланысты элективті курста оқушылардың білімін тереңдету барысында микроорганиздер бөлімі қамтылды.
Микроорганиздерді бақылау кезінде микроскопты қолдану оқушылардың қызығушылығын оятады. Сабақта тірі обьектіні зерттеу, тәжірибе жүргізу оқушылардың танымдылық белсенділіктерін арттырады, практикалық білімдерін жетілдіреді және теория мен практиканың байланысын нығайтады.

Курс мақсаты: Қағылез әлемнің ұсақ өкілдері туралы оқушылардың ой - өрісін дамыту, танымдылық белсенділіктерін арттыру, өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.
Курстің міндеттері:
- микробиология ғылымының тарихи даму кезеңдері
- әртүрлі патшалықтардың бір жасушалы өкілдерінің құрылысын салыстыру
- лабораториялық құрал - жабдықтармен және микроскоппен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
- шығармашылық қабілетін дамыту.
Оқушы нені білу қажет.
- Микробиология ғылымының даму тарихы электрондық микроскопты пайдалану арқылы зерттелгені туралы білу.
- Ұсақ ағзалар әлемінің өкілдерінің құрылыс ерекшеліктері туралы білу.
Оқушылар істей білуі керек:
- микропрепараттарды дайындау.
- әртүрлі бактериялар мен көгерген саңырауқұлақтарды өсіру.
- әртүрлі патшалықтардың өкілдерін суреттеу.
- Биологиялық тәжірибе нәтижелерін бақылау және қорытынды жасау.
Оқытудың әдістері мен түрлері:
- әңгіме, дәріс
- қосымша әдебиетпен жұмыс
- практикалық, лабораториялық жұмыс
- зерттеу әдісін практикалық жұмыста қолдану
- өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
- өзекті мәселелерді шешу, жоба жасау, қорғау.

«Ғажайып микроәлем» элективті курсының мазмұны мен құрылымы.

I. Кіріспе. Микробиология ғылымының даму кезеңдері
Микроскоптың ашылу тарихы. Микробиология ғылымының дамуына үлес қосқан зерттеуші ғалымдар. Француз микробиологі Луи Пастер( 1822 - 1895) және неміс ғалымы Роберт Кох микробиология ғылымының негізін қалаушылар. Қазіргі микробиологияның негізгі бағыттары: генетикалық және жасушалық инженерия, тамақ өнеркәсібі, ауылшаруашылық, медицина, денсаулық сақтау, ластанған ауаны, суды топырақты тазарту, пластмасса жасау, металл және мұнай өндіру, топырақтың құрылымын жақсарту.
Микроскоптың құрылысы және онымен жұмыс істеу ережесі. Зертханалық құрал - жабдықтарды қолдану ережесі.
Зертханалық жұмыс
№ 1 Микроскоптың құрылысы және онымен жұмыс істеу ережесі.

II Бактериялар
Бактериялардың қолайлы ортада өмір сүруі. Бактерия жасушасының құрылысы мен пішіні. Сыртқы және ішкі құрылымы. Қоректену тәсілі. Бактериялардың таралу жолы және маңызы.
Бактериялардың биосферадағы рөлі: шіріту бактериялары – органикалық заттардың минерализациясы; топырақ бактериясы – топырақтың құрылымын түзуші; азот түзуші бактериялар - топырақты азотты қосылыстармен байытушы; цианобактериялар; мұнай түзуші бактериялар.
Бактериялардың адам өміріндегі маңызы және шаруашылық қызметіндегі оң рөлі: сүт тағамдарын ашыту, тері илеу, сүрлем дайындау, сүт қышқылын алу.
Теріс рөлі: азық - түлік тағамдарын шіріту, адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын патогенді бактериялар.
Бактериялармен күресу әдістері. Пастеризациялау, стерилдеу, залалсыздандыру.
Зертханалық жұмыстар
№ 2 «Тіс бактериясы»
№3 «Картоп таяқшасының және шіріту таяқшасының құрылысын қарау»
Уақытша микропрепарат дайындау тәсілі.

Тәжірибелік жұмыс «Картоп таяқшасының және шіріту бактериясына қоректік орта әзірлеу және бактериялардың өсіру мәдениетін қарастыру»

III Микроскопиялық саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар дүниесі. Саңырауқұлақтардың белгілері. Саңырауқұлақтар классификациясы( фикомицеттер, базидиалды т. б). Зең саңырауқұлақтарының ерекшеліктері. Зең саңырауқұлақтарының маңызы. Ашытқы. Ашытқы саңырауқұлағының адам өміріндегі маңызы және оның құрылысы.
Зертханалық жұмыстар
№4 «Зең саңырауқұлақтарын микроскоп арқылы қарау»
№5 «Ашытқы мәдениетін бақылау»

Тәжірибелік жұмыс «Температураның көгерген саңырауқұлақтардың өсуіне және дамуына ықпалы».

«Ғажайып микроәлем» элективті курс. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама