Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ғажайып тапқырлар сайысы
Ғажайып тапқырлар сайысы

Сабақтың мақсаты:
1) математикалық ұғымдарды ажырату, амалдарды шапшаң орындау машықтарын жетілдіру үшін ойын түрлерін ұтымды пайдалану;
2) оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру, шапшаң ойлау, өз ойын дәлелдей алу дағдыларын дамыту;
3) белсенділікке, білім сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топтық сайыс
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: топпен жұмыс, жарыс, көрнекілік.
Көрнекі құралдар: ойын атаулары, конверттер, үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық:
- Екі көз не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін.
- Екі құлақ не үшін керек?
- Ақыл - кеңес тыңдау үшін.
- Екі қол не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін.
- Екі аяқ не үшін керек?
- Туған жерге жету үшін?
- Бас не үшін керек?
- Есепті шығару үшін.
- Олай болса қазіргі сабақ қандай сабақ?
- МАТЕМАТИКА.

2. Сабақтың мақсатын қою.
- Балалар, бүгінгі сабақта осы уақытқа дейінгі өтілген математикалық ұғымдарды қалай меңгергенімізді тексереміз, 3 топқа бөлініп жарысамыз.

3. Таныстыру:
І топ: «Азамат» тобының ұраны:
Кел, балалар, ойнайық!
Ойнайық та ойлайық,
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық!

ІІ топ: «Әділет» тобының ұраны:
Ой - арманын кешеміз,
Ақылды боп өсеміз.
Есепке тұнған әлемнің,
Жұмбақ сырын шешеміз.

ІІ топ: «Бірлік» тобының ұраны:
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз – еңбектену,
Есепті тез шығарып,
Жеңіске қол жеткізу.
4. Сайыс:
1 - тур « Кім алғыр, кім шапшаң?»
Үш топқа 3 конверт беру. Есепті топтағы барлық бала тақтаға шығып орындайды. Әр топтың жұмысы тексеріліп, қорытындысы шығарылады.
2+3 =
6 - 3 =
4 - 2 =
5+3 =
9 - 3 =
10 - 3 =
8+2 =
10 - 6 =

2 – тур «Жоғалған амалдар»
Әр топқа теңдіктер беріледі, ортасында қандай амал, таңба «+»,«-» орындалатынын оқушылар табу керек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама