Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Ғажайыптар әлемі
Сабақтың тақырыбы: Ғажайыптар әлемі
Сабақ жоспары.
Қазыларды тағайындау
Топтарды таныстыру, топтар өз мүшелерімен, төсбелгілермен, газеттерімен таныстырады.
Мақал-мәтел жарысы. Үйден екі топ білім, оқушы, адамзат туралы мақал - мәтел дайындап келеді
Жұмбақтар сайысы, мақал - мәтел дайындап келеді. Әр топ бір-біріне жұмбақтар жасырады.

Қызықты сұрақтар аялдамасы
1. Ең ірі жемісті атаңыз. (Асқабақ)
2. Жапырағы түгел тікенекке айналып кеткен өсімдік. (Кактус)
3. Жемісі парашютке ұқсаған өсімдік. (Бақбақ)
4. Сабағы ең жеңіл ағаш. (Бальса ағашы)
5. Ағаштың жасын қалай анықтауға болады. (Жылдық сақиналарынан )
6. Діні ең жуан ағаш. (Баобаб)
7. Қандай өсімдіктерді жыртқыш өсімдіктер дейді? (Шыбынжұт, шықшылдық)
8. Қағаз қандай өсімдіктерден жасалады? (Шырша, көктерек)
9. Жемісі жер астында жетілетін қай өсімдік. (Арахия)

Пародия көрсету. (Оқушылардың бір - біріне "Судан шығып қалған балық", "Өрістен қайтқан мал" тақырыптарында пародия жасырады, оны басқалары табу қажет).

Ұзын, үйлесімді сөйлем құрастыру сайысы.
Мұғалім сөздер береді: баклажан, жай, жиекті, гүлшоғыры, бүтін, бұйра, жапырақ, гүлшоғыры, тостағаншасы, 5, гүлінің, жапырақтары, 5, күлте, аталық, аналық, 1, 5.
Баклажан.
а) (Жапырақтары жай, бүтін жиекті, гүлшоғыры бұйра, гүлінің тостағаншасы 5, күлте жапырақшалары 5, аталығы 5, аналығы 1)

Биологиялық диктант. "Ат жүрісі" ойыны.
Оқушыларға шахмат тақтасына жазылған сөз буындары беріледі. Сол буындардан ат жүрісі "Г" әрпімен сөз құрастырады.

Үш тілде оқытатын дарынды балаларға
арналған мамандандырылған № 30 мектеп - гимназиясы.
Химия - биология пәні мұғалімі: Уразалина Жанар Насировна

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама