Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ғаламшар ғажаптары
Өзін - өзі тану 7 сынып
Тақырыбы: Ғаламшар ғажаптары
Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат міндеттері:
А) ақпараттық
Б) коммуникативтік
В) проблема шешу
Оқушыларға ғалам құндылығы туралы білім беру;
Оқушыларға болмыс, жаратылыс, ғалам туралы түсінік беру;
Қоршаған жаратылысқа деген жасампаздық көзқарастарын қалыптастыру;
Қоршаған жаратылысқа деген ізгі қарым – қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Білім беруді ізгілендіру, түсіндіре отырып оза оқыту, дамыта оқыту;
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі - иллюстративті, практикалық
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, музыка
Оқу құралдары: Оқулық, дәптер, фотосуреттер, үнтаспа.

I Ұйымдастыру бөлімі – Сәлеметсіздер ме оқушылар!
- Көңіл - күйлеріңіз қалай?
- Сабаққа дайынсыңдар ма?
- Оқушылар сабағымызды әдеттегідей «шаттық шеберімен» бастасақ. Барлығымыз қосылып
М. Тілеуовтың «Туған дала» әнін орындаймыз

Туған дала
Жайна, жайна, дала, шалқы, шабытым,
Ай, жайна қыр гүлім, далам, ғалам!
Шырқа, шырқа, әнім, шалқы, шабытым,
Ай, әнім бақытым, бағым әнім!
Сайраным, менің байтағым елім.
Мерейлі мекен айналдым.
Самға, самға көкке, арман қанатым.
Ай, талма қанатым, самға, талма!
Ұлысым елім, ырысым менің,
Мерейлі мекен айналдым.
Жайна, жайна, дала, шалқы, шабытым,
Ай, жайна қыр гүлім, далам, ғалам!
Самалы ерке сағымды өлке,
Мерейлі мекен айналдым.

II Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалға кіріспе
Әңгімелесу
Біз бүгін «Ғаламшардың ғажаптары» тарауын бастағалы отырмыз.
- Өз ғаламшарын, қоршаған ортаны сүю дегенді қалай түсінесің?
- Жердің дөңгелек екенін алғаш рет естігенде қандай күйде болдың?

III Жаңа материалды меңгерту
«Мәтінмен жұмыс»
Оқулықтағы «Адам және ғалам» деген әңгімесін оқып, талдаймыз.
Луций Анней Сенека бірде: «егер жер бетінде жұлдызды бақылауға болатын бір ғана жер болса, түкпір – түкпірден барлық адам сол жерге жиналатын еді», - деген еді. Қаншама ғасырлар өтті десеңші, адам әлі өзгерер емес. Адам қайда өмір сүрсе де, білім деңгейі қандай болса да, өмірінде бір рет аспанға қарап: «Бұл не? Бұл тұңғиықтың шегі бар ма? Ондағы менің орным қандай? Менің сезімім, қуанышым, ренішім, жалпы менің өмірім оны толғандыра ма?» - демейтін адам жоқ шығар.

- Адам неліктен ғарышты тануға талпынады?

- Ғаламды танудың өзін – өзі танумен қандай байланысы бар?
«Шығармашылық жұмыс»
Оқушылардан отандық және шетелдік ғарышкерлердің өмірге, ғарышқа, жерге деген көзқарастарымен таныса отырып, «Ризамын саған, Жер - ана» тақырыбына эссе жазуларыңыз сұралады.
Талғат Мұсабаев, Қазақстан
Жерге оралғаннан кейін, алғашқы кездері ғарышқа қайта ұшуға еш зауқың болмайды.

Ғаламшар ғажаптары. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама