Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ғаламтор тарихы

Ғаламтор тарихы ХХ ғасырдың 50 жылдарынан басталады. Анығырақ айтар болсақ 1957 жылы КСРО алғашқы жасанды серік жіберген кезден бастау алады. Алғашқы компьютерлер жарық көргеннен кейін, оларды біртұтас желіге біріктіріп, ақпаратпен жылдам алмасу идеясы пайда болды. АҚШ үкіметінің белсенді қолдауымен, бұл тапсырманы орындауға ARPA деп аталатын ғылыми жобалар агенттігі кірісті. Олар 1967 жылы ARPANET пакеттік желісін ұсынып, 1969 жылы 2 қыркүйекте Леонард Клейнрок бастаған ғалымдар тобы кабель арқылы бір компьютерден екінші компьютерге деректерді табыстау арнасын құрды. Екі компьютерді бірден желіге қосу амалы сәтсіз аяқталғанымен, бұл бағытта үлкен қадам жасалды.

1969 жылдың 29 қазанында бір-бірінен 640 км қашықтықта орналасқан екі компьютер арасында желілік байланысты орнату әрекеті жасалды. Осы жолы ғалымдар өз мақсатына жетіп, бұл сәтті Интернеттің туған күні деп атауға болады. 1973 жылы ARPANET халықаралық деңгейде дамып, Ұлыбритания мен Норвегиядағы желілерді біріктірді. 1983 жылы 1 қаңтарда ARPANET NCP хаттамасынан TCP/IP-ге ауысты, бұл хаттама қазіргі уақытта да желілерді біріктіру үшін қолданылады. 1984 оларға «NSFNet» деп аталатын мықты бәсекелес табылды. Оның құрамына көптеген шағын желілер кіріп, өткізу қабілеттілігі ARPANET-ке қарағанда едәуір жоғары болды. Осы фактор, NSFNet компьютерлік желісінің алдыңғы қатарға шығуына себеп болды.

Біз білетін бүкіләлемдік интернет желісінің іргесін британдық Тим Бернес-Ли есімді ғалым қалады. Ол көптеген гипермәтіндік құжаттарды бірыңғай жүйеге біріктіріп, оларға желідегі кез-келген техникалық тораптан қосылуға мүмкіндік жасады. 1991 жылы CERN деп аталатын Еуропалық физика зертханасы әйгілі — www (World Wide Web) хаттамасын құрды. Ал, 1993 жылы Марк Андреесен Mosaic веб-браузерын жасап шығарған соң, ғаламтор қолданушыларының саны 2 миллионнан асып, сайттардың саны 600-ге жетті.

Оқуға кеңес береміз:

Интернет тарихы

5G жайлы 5 миф

Спам дегеніміз не?

Қоғамдық орындарда Wi-Fi-ды қолданбау керектігінің 8 себебі


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама