Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ғарыш туралы түсінік
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы,
Құмсай бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Аймухамбетова Ляззат Сандибековна

Сабақтың тақырыбы: Ғарыш туралы түсінік (презентациясымен)

Сабақтың мақсаты:
1. Ғарыш және Жердің ғарыштағы орны, ғаламшарлар туралы түсінік беру. Күн жүйесінің құрамына кіретін аспан денелерін, галактика неден тұратынын, ғарышты зерттеу шаруашылық үшін маңызын жете түсіндіру;
2. Сөздік қорын байыту, танымдық ой – өрісін, есте сақтау қабілеттерін, тілін дамыту, қорытынды жасауға үйрету.
3. Ғарыштық әлемге қызығушылығын ояту. Татулыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу. Табиғаттағы жайларды бақылауға, зейінділікке, шығармашылыққа. баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақты өткізу әдісі: Саяхат сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ жауап, көрнекі, талдау, салыстыру, жинақтау, ізденіс әдісі, өз бетінше жұмыс, тест

Көрнекілік: «Ғарыш туралы түсінік» тақырыбында слайд, қима карточкалар, тірек сызба, «ЭСС» (энциклопедия солнечной системы) дискі, естелік ашық хат.

Сабақтың барысы
І. Алғашқы ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеріп, қонақтармен амандасу.
- Балалар, сабағымызға келген қонақтарды қарсы алып амандасайық!
- Қайырлы күн!

ІІ. Ой қозғау:
- Бүгін сабағымыз ерекше сабақ, яғни саяхат сабақ.
- Ал қайда саяхат жасайтынымызды мына сөзжұмбақты шешсеңдер, білесіңдер.
1. Т. Әубәкіров кім?
2. Әдемі түнде, мен жүрсем жүреді бірге.
3. Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді,
Күзде пісіп, марқаяды,
Қыста бірден қартаяды.
4. Түнде көзі жымың - жымың етеді,
Таң алдында ғайып болып кетеді.
5. Жердің пішіні қандай фигура?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама