Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Генетика және халықтық педагогика
Мақсаты: Халықтың даналық сөздерімен, тектілік туралы ұлағатты ұғымдармен байланыстыру халық педагогикасының ғылыми негізі бар екенін түсіндіру.
Сабақтың түрі: Білімді бекіту
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, проблемалық сұрақ, оқулықпен жұмыс, ғылыми деректер ден үзінділер, шығармашылық тапсырмалар. Жұптық, топтық әдістер, ой - түйін, халықтық педагогика т.б.
Көрнекілігі: интерактиві тақта, ДНҚ моделі, слайдтар, видео роликтен үзінді.
М. Беспаев. Бозторғай Әні тыңдалады.(баяу үнмен естіліп тұрады.)
1-топ –«Алғырлар» (әрбір капитан өз командасы, яғни тобын таныстыру)
Ұраны: Білімнен асар байлық жоқ
Мақсаты: Ей, білімдер түзу ұста жолыңды,
Кетпе ұмытып, ойлап текпен түбіңді.
2-топ -«Зерделілер»
Ұраны: Білім – таусылмас кен.
Мақсаты: Жұртыңды ауыстыра алсаң да, ұлтыңды ауыстыра алмайсың
Салтыңды ауыстыра алсаң да, халқыңды ауыстыра алмайсың
1. Әр топқа проблемалық сұрақ: М. Беспаев. Бозторғай әні. Тыңдалады.
1-топ - Аяғын көріп асын іш, анасын көріп қызын ал.
2-топ - Көкек - ана, тастанды бала,

Сайыс бес бөлімнен тұрады.
2. Құралайды көзге атқан (Өлең мазмұнына қарай мақал табу)
- Ақ сүтпен бірге сіңген жақсылық
Айнымайды еш алғанша ажал қапсырып
Ет – сүйекпен бірге сіңген қылығың
Өзгермейді салғанша ажал құрығын.
(Сөз сүйектен, таяқ - еттен өтеді.
Бала әкені бел күшінен жаралған
Құрсақта айлап жатады екен нәр алып
Әке еңбегі ұл бойына сіңіскен
Көрінеді кейін атқа міністен. (Жігіттің жақсы болса нағашысы, жиеннің содан болар бағалысы.
Қанша тентек болса да, көпшілікке тоқтайды
Әділдікке бас иіп, намысыңды жақтайды. (қоянды қамыс, ердің намыс өлтіреді)
Жақсы туған баланың атасы жаман болса да,
Төрде отырып, сый табар
Баласы жаман туғанның атасы жақсы болса да
Түйе үстінен ит қабар. (жақсы бала - сүйеніш, жаман бала күйініш).

3. Генетиканың басқа ғылым салаларымен байланысы (ой қоржын)
1. Генетика – медицина
2. Генетика - география
3. Генетика - педагогика
4. Генетика - селекция

4. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл. (Интерактивті тақтада көрсетілген тұқым қуалайтын ауруларды көрсету.)

5. Ой түйін. 1 - топ. Туыстық некенің тиімсіздігі.
2 - топ. Генетикалық ақыл - кеңес.
Ұрпақ – ғұмыр жалғасы, тіршілік көзі.
Хор: Ана туралы ән.
Бағалау Капитан команда жетекшілері бағалайды.
Үйге тапсырма Жеті атаңды білесің бе?
Тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу және емдеу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама