Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Географшылар көзімен әлемді таны, Тарихшылар сөзімен өткеніңді таны
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,
«№1мектеп - гимназиясы» КММ география пәні мұғалімі:
Досниязова Жанар Дүйсенбекқызы

Сабақтың тақырыбы: «Географшылар көзімен әлемді таны, Тарихшылар сөзімен өткеніңді таны»
Сыныбы: 9
Мақсаты:
- Оқушылардың тарих және география пәндері бойынша қосымша іздену және өткенді еске түсіру арқылы білімін жетілдіру.
- Сайыс сабақтар арқылы оқушылардың ізденімпаздығы мен қызығушылығы, сонымен қатар мұғаліммен байланысы артады және оқушылардың арасында оқуға деген бәсекелестік арттыру.

1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі «Әлемді географтар көзімен, тарихшылар сөзімен таны» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші: Бүгін оқушылар өздерінің тарих және география пәндерінен білімдерін ортаға салмақ. Кешімізде 3 топ өз бағын сынайды. Әр топты бір жетекшіден болады.

1 - жүргізуші: Олай болса, 1 - нші 9 «А» сыныбын қарсы алайық: Молдағазы Назерке, Бердібекова Фатима, Әміржанова Айнұр; және топ жетекшісі: Дәрібаева Ақбота
2 - жүргізуші: 2 - нші жеңіске жетуге асық топ 9 «Б» сыныбынан құралған оқушыларды шақырайық. Топ мүшелері: Әленов Данияр, Жұмабаева Айдана, Алдаберген Аслан; Топ жетекшісі: Баймұратов Мұратхан.

1 - жүргізуші: 9 «В» сынып оқушылары да білетіндерімен бөліспек
2 - жүргізуші: Оқушылар, қонақтар, бүгінгі бәсекеміз 4 мемлекет аумағында қарастырылады. Әр кезеңде қызықты сұрақтар қойылады, жауапқа байланысты әр топ өздеріне тиісті ұпайларын жинайды. Әр кезең арасында 3 топ дайындаған өнерлерімен бөліседі. Додамызда әділқазылар төрелік етеді.
Олар: --------------
1 - жүргізуші: Ендеше, сайыскерлерге сәттілік
2 - жүргізуші: Топқа жеңіс тілейміз!
Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар,- деп Абай Құнанбаев атамыздың сөзімен алғашқы мини - кезеңімізді бастаймыз.
1 - жүргізуші: Сайыскерлер, сіздерге хат арқылы қиындылар көрсетіледі. Бұл қиындыларда белгілі бір салаға немесе ғылымға тән сөздер беріледі. Қиындыдағы сөз әр топтың афишасы болмақ. Алғаш болған топ қиындыны бірінші таныстырады. Уақыт ___ мин. Санауды үштен бастаймыз.
2 - жүргізуші: Енді алғаш болған топ өз қиындыларын таныстырып шықсын.
1 - жүргізуші: Ахмет Байтұрсынов: « Сөздің ең ұлысы – тарих!»- деген екен.
2 - жүргізуші: Ал Мұстафа Шоқай: « Бүгінгі сәби - ертеңгі басшы. Баланы тәрбиелеу үшін ең алдымен оны өз тарихымен, жерімен толық сусындату керек.»- деген өте ұлағатты сөздер айтқан.
Шынымен де, біздің ертеңіміз, өткен тарихымызға тікелей байланысты. 2 - нші кезеңіміз өз елімізді ғана емес, көрші мемлекеттерді де толық тануға, нақты мәлімет алуға мүмкіндік береді.
1 - жүргізуші: Бұл кезеңде топ мүшелері біріге жұмыс атқарады. Әр ұяшықта мемлекеттерге байланысты сұрақтар мен сол сауалдардың күрделілігіне қарай 10 - 20 - 30 - 40 және 50ұпай беріледі. Жетекшінің топ мүшелеріне көмек беруіне рұқсат.
2 - жүргізуші: Алғашқы болып таңдайтын «Тарихшылар» тобы. –
1 - жүргізуші: Сайыскерлер бұл кезеңді де аса жауапкершілікпен аяқтады.
Ендігі алғашқы топтың өнеріне кезек берсек _________ тобы
1 - жүргізуші: Керемет!!! Оқушылар осы көңіл - күймен келесі кезеңнен де мүдірместен өтетіндігіне кәміл сенімдіміз!!!

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама