Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
География сабақтарында жобалау әдісін қолдану.
География сабақтарында жобалау әдісін қолдану.

Мәселенің өзектілігі Казіргі мектеп көп мәселелерді мүмкіндігінше нақты айқындап, тиімді шешім таба білуді қалыптастыру және дамытуға шақырады. Ол үшін жаңашыл қоғамға ойлай алатын, шығармашыл, бәсекеге қабілетті, құзырлы, берік білімді, кең өрісті тұлға қажет. Ал бұндай тұлға қалыптастыру үшін не істеу керек? мәселені шешу жолдарының бірі — жобалау әдісін қолдана білу.
Мақсаты: Оқушыны өз бетімен жұмыс жасауға және ғылыми ойлауға үйрете отырып, шығармашылық қабілетін оқуға деген саналы ынтасын дамыту. Жауапкершілікке, ғылыми мәдениетке, ғылыми жұмыстың әлеуметтік ролін түсінуге тәрбиелеу.

Міндеттері: 1. Оқушының ой - өрісін дамыту, білім дәрежесін арттыру. Ойы орамды, тілі бай оқушы тұлғасын қалыптастыру.
2. Оқушы қызметін белсендіріп, қызығушылығын арттыру. Өз беттерімен білім алу дағдыларын қалыптастырып, қабілеттеріне деген сенімділіктерін жетілдіру.
3. Оқушыларды ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, өмірге көзқарастарын қалыптастыру, жаңа білімді игеруге
ынтасын арттыру.

Зерттеу объектісі: географияны оқытуда жобалау әдісін оқу - тәрбиелілік үрдісте қолдану.
Зерттеу пәні: географияны оқытудағы жобалау технологиясы
Жобалау әдісін Америкалық педагог және философ Дж. Дьюи ХХ ғасырдың 20жылдары ашқан. Өмірде қажет болатын білімге баланы дербес ынталандыруға негізделген. Мұғалім оқушының өзіндік ізденісіне тек бағыт - бағдар беруші.
Соңында оқушылар қажетті білімді пайдалана отыра мәселені өздігімен бірлесе отырып шешеді, әрі қабылдауларына жақын ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге қол жеткізеді.
Жоба типологиясына тоқталатын болсам:
мазмұны бойынша: экологиялық, физико - географиялық, әлеуметтік экономикалық, кешендік, өлкетанулық, тарихи - географиялық;
қызметі бойынша: танымдық, шығармашылық, ойындық, тәжірибеге негізделген, зерттеушілік;
Интеграция деңгейі бойынша: Пәндік (географиялық мәліметтерге
байланысты орындалады), Пәнаралық(жұмыста бірнеше пәндердің
байланысы ескеріледі), Пәннен тыс (мектеп программасынан тыс
мәліметтер негізінде жасалады)
Қатысушылар саны бойынша: Жеке дара, топтық, ұжымдық
Жұмыс ұзақтығы бойынша: мини - жоба. орта мерзімді, ұзақ мерзімді болып жіктеледі.

Зерттеу жұмыстарын рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Жұмыс мәтіні компьютерде басылып мынадай құрылымнан тұруы тиіс:
1. титул парағы;
2. мазмұны;
3. абстракт (аннотация) қазақ немесе орыс тілдерінде (зерттеу жұмысының қай тілде дайындалғанына байланысты), сондай - ақ ағылшын тілінде жазылады);
4. кіріспе;
5. зерттеу бөлімі;
6. қорытынды;
7. пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
Абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес) қамтылған жұмыстың қысқаша мазмұнын көрсетуі тиіс:
• Тақырыптың өзектілігі;
• Зерттеудің объектісі (нені біз зерттейміз?);
• Зерттеудің пәні (зерттеу объектісін қай тұрғыдан қарастыруға болады);
• Зерттеудің мақсаты (Не үшін зерттеп отырмын? Мен қандай нәтижеге қол жеткізгім келеді?);
• Зерттеудің міндеті (мақсатқа жету үшін не істеу керек);
• Гипотезалары (Нәтиженің қандай болатынына өз болжамыңды жасай білу );
• Кезеңдері, зерттеудің әдістері (Нәтижеге қол жеткізу үшін не істеу керек?);
• Зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі;
• 4. Кіріспеде (екі беттен артық емес) мыналар келтіріледі: таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (міндеті): қойылған міндеттерді шешу әдісі қысқаша көрсетіледі;
• 5. Жұмыстың зерттеу бөлімі (20 беттен артық емес) жеке тараулардан (параграфтардан) тұруы және мыналарды қамтуы мүмкін:
• Осы жұмысты жүргізудің қажеттілігіне көз жеткізуге және оның мақсатын (міндетін) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау;
• Қойылған міндеттерді шешу әдістерін сипаттау;
• Жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;
• Суретті материалдар (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер);
6. Пайдаланылған әдебиеттерге сілтемені төртбұрышты жақшада беру керек. Мәтінде кездесетін сілтемелерде нөмірлеу жүйесі болуы керек;
Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен мынадай тәртіпте беріледі:
• Автордың тегі және қысқартылған аты жөні;
• Мақаланың және журналдың аты (журналдағы мақалалар үшін);
• Басып шығарылған орны және баспасы (кітаптар үшін);
• Басылған жылы, шығу нөмірі, беті
7. Қорытынды (бір беттен артық емес) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтиды;

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама