Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Географияны оқыту үрдісінде экологиялық білім беру әдістемесі
«Географияны оқыту үрдісінде экологиялық білім беру әдістемесі» деген тақырыптағы жұмысымда экологиялық білім беру адамзат қауымы мен қоғамның үйлестігі нәтижесінде жүзеге асатын білім беру жүйесі мен оқыту үрдістерінің ең тиімді жолдарын көрсету. Бұл мақсаты жүзеге асырудағы географияның рөлі мен ондағы экологиялық білімдер жүйесіне талдау жасалынып, оны сабақ үрдісінде ұтымды пайдалана отырып, экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері қарастырылған.

Жоспар

1. Экологиялық тәрбие берудің маңызы
2. Экономикалық және әлеуметтік география, дүние жүзі экономикалық география курстарында экологиялық тәрбие беру тәсілдері
3. Пайдаланылған әдебиеттер

Экологиялық тәрбие берудің маңызы.


Республикамыз дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жас ұрпақты ізгілікке, эстетикаға, отан сүйгіштікке баулитын экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде.
Себебі, "табиғат - қоғам - адам" жүйесіндегі қарым - қатынастардың шиеленісуі жылдан - жылға күшейіп, экологиялық зардаптар тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Экологиялық тәрбие экологиялық білімділікпен тығыз байланыста қалыптасады.. Экологиялық білім беру бағытында экология ғылымында негізгі ұғымдар мен түсініктер бар, олардың негізділері: "экологиялық сана", "экологиялық сауаттылық", "экологиялық этика", "экологиялық мәдениет", "экологиялық білім", т. б. Экологиялық ұғымдардың мәнін әрбір оқушы білуі тиіс. Ұғымдарды түсіну оқушылардың табиғатқа деген көзқарасын қалыптастырады.
Ауа - табиғаттың ажырамас элементі, онсыз жан баласы дем алуы, қоректенуі, жылу мен жарықты қабылдауы мүмкін емес. Қысқасы, табиғатсыз тірлік те, өмір де жоқ. Сондықтан да қоршаған ортамыз - табиғатқа деген қарым - қатынас терең ізгілік пен адамгершілікке ұласуы қажет. Осымен қатар табиғат - адамдар үшін таным мен эстетикалық қарым - қатынастардың нысаны. Оның тартымды құпия сырына енудің өзі терең ғылыми көзқарастың қалыптасуына ықпал жасайды. Осыған орай, экологиялық мәдениетті адамның негізін қалаушы бастапқы, міндетті және жалпыға ортақ берілуі тиіс экологиялық тәрбиенің қажеттілігі туындайды. Жоғарыда атап кеткендей, экологиялық сана толығымен экологиялық білімді қамтыса, оның құрамдас бөлігі эстетикалық сезімдер мен экологиялық жауапкершілік болып табылады.
Қазіргі кезде адам табиғат байлықтарын өз керегінше алып пайда ғып жаратып қана қоймай, олардың табиғи түріне ірі - ірі өзгерістер енгізуде.
Сондықтан қазір адамзат алдында тұрған көкейкесті мәселенің бірі қоршаған ортаның тиімді қарым - қатынасының негізгі ұстанымдарын қайта қарау, туған табиғатты аялап, оны қорғаудың экологиялық жолдарын ұтымды шешу.
Бүгінгі таңдағы мектеп мұғалімдерінің аса жауапты міндеттерінің бірі оқушылардың санасына қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, сол арқылы туған өлке табиғатының байлығын сақтау және молайта түсуге бағытталған сезімдерін тәрбиелеу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама