Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Геометриялық фигуралар
«ШҚО Семей қаласының білім бөлімі» ММ
«№27 ЖОББМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі
Медеуқанова Лаура Қайнарқызы

Сабақ тақырыбы: Геометриялық фигуралар (факультатив "Қызықты математика")
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың геометриялық фигуралар (шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, тік төртбұрыш) жайлы білімдерін кеңейту. Айналаны қоршаған ортада оларға ұқсас заттар көп екеніне балалардың көңілін аудару. Жасалу жолдары мен құрылысына мән беріп, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушының танымын, ойлауын дамыту. Дидактикалық ойын арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Өзінің жұмыс орынын таза ұстауға, өзара достыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас
Сабақ типі: Білімді тиянақтау сабағы.
Қажетті көрнекіліктер: геометриялық пішіндер (үшбұрыш, тік төртбұрыш, шаршы, шеңбер), дидактикалық ойынға арналған карточкалар.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Сабақтың мазмұны.
Дөңгелек, үшбұрыш, шаршы. Бұл геометриялық фигуралар балаларға бұрыннан таныс. Олардың айнала дүниеде қолданысы салыстырмалы түрде түсіндіріледі.
Кіріспе әңгіме "Көшеде жүру ережесі". Көше қиылыстарында жолаушылар мен көліктердің жүрісін реттеп тұратын бағдаршам. Олардың үш көзі бар (қызыл, сары, жасыл). Көздері неге ұқсас? (Дөңгелекке). Әр көзінің өз сыры түсіндіріледі. Жол бойында "Жол белгілері" дөңгелектің ішінде көрсетілген. Әр белгінің мәні ашылады. Сондай - ақ, балалардың өздері ойнайтын қарапайым доптар, спорттық ойындарға арналған волейбол, футбол, баскетбол доптары, шарлар, олардың түрлері т. б. дөңгелек пішінді.
- Сонымен, жазықтықтың шеңбермен шектелген бөлігі болады
- Бірінші шеңбер сызамыз. Сол шеңбердің ішкі бөлігін қиып аламыз.
- Екінші суреттегі дөңгелек. Балалар трафаретті пайдаланып шеңбер сызып, оның ішкі бөлігін бояйды.
- Үйлердің суретінен үшбұрыштарды табады.
"Жол белгілері", олардың мәнін ұғындыру. Берілген үйшіктерге ұқсас жапсырма жұмыстарын жүргізіледі. Үшбұрыштың үш қабырғалары болады. Шаршы мен тік төртбұрышты төрт қабырғалары болады. Алайда, шаршының барлық қабырғасы тең, ал тік төртбұрыштың қарама - қарсы қабырғалары ғана тең.

Дидактикалық ойын
Үшбұрыштарды сарымен, дөңгелекті қызылмен, тік төртбұрышты жасылмен, шаршыны көк түспен бояп көрсет.

4. Бекіту. Дидактикалық ойын: «Сәйкесін тап».
5. Қорытынды. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама