Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Ғылым таппай мақтанба
Сабақтың тақырыбы: Ғылым таппай мақтанба. Абай Құнанбаев
Сабақтың мақсаты: 1. А. Құнанбаев туралы толық мағлұмат алу, өлең мазмұнын түсіне отырып, негізгі ойды ашу.
2. Өлең мазмұнындағы адам бойындағы қасиеттердің ара - жігін ажырату,
Өлеңді мәнерлеп оқу машығын дамыту.
3. Топпен бірлесіп жасауға, ұйымшылдыққа, пікір алыса білуге, өз ойларын ашық айтуға, жоба қорғауда белсенділікке баулу.

Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Оқыту әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, Дамыта оқыту
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі
Көрнекілігі: Абай туралы толық деректер, үлестірме материалдар, ереже, нұсқаулар, сабақ тапсырмасы бойынша слайд.

Сабақтың жүру барысы:
I. Қызығушылықты ояту;
- Сергіту сәті: «Атом және молекула»
II. Үй тапсырмасын тексеру:
А) Бидай мен қаңбақ мысалын жатқа айту
Ә) Ашық хат тапсырмалары: Мысалдағы өлең жолдар қайсысына сәйкес екенін табу:
Бидай ---------------------------------------------- Қаңбақ
Онда қандай салмақ болсын! ------------- Ұшарыңды жел біліп,
------------------------------------------------------- Қонарыңды сай біліп.
Уф десе, ұшасың, ------------------------------ Сайран салып жүргенің.
Суф десе, қонасың.
------------------------------------------------------- Көктемде шығып
Абырой да даңқ та, -------------------------- Күз болса, бұғып.
Ерлік те жеңіс те ------------------------------ Жинағанымыз дән
Барлығы осы егісте. ------------------------- Айналамыз толған ән.

III. Сөз жұмбақ шешейік!
Ғарыш Тарақ Мақта
Ыдыс ана ағаш
Лақ парта қайық
Ырыс піл тақта
Мысық алма артық
Йод нан
Бала
Ат

IV. Мақсат қою кезеңі: «Ғылым таппай мақтанба»
- Осы тақырып бойынша нені меңгеруге тиіспіз?
1. Автор туралы дерек білу.
2. Өлең мазмұнын түсіну
3. Жақсы және жаман қасиеттерді тану.
5. Мағынаны тану:
1. Топтық тапсырма:
А) Абай Құнанбаев туралы мәлімет
сызбада көрсету, қорғау, толықтыру
Ә) Өлеңді мәнерлеп тізбектеп оқу;
Б) Өлең мазмұнына талдау жасау:
- Әр топ жобамен қорғайды.

2. Топтық жұмыс:
1 - топ: ------------- 2 - топ:
Бес асыл іс ------------ Бес дұшпан
Талап ---------------- Өсек
Еңбек ----------------- өтірік
Терең ой --------------- мақтаншақ
Қанағат -------------- еріншек
Рақым ----------------- Бекер мал шашпақ

3. Сөз сиқырын ұғайық!
3 - топ 4 - топ:
Жақсы қасиеттер мағынасы Жаман қасиеттер мағынасы
4. «Мақал жалғастыр «ойыны:
Жақсыдан үйрен
(Жаманнан жирен)
Талап тұлпар
(Білім сұңқар)
Талант қартаймайды
(Білім ортаймайды)
Әріптен білім
(Әліппеден ғылым)
Ақыл азбайды,
(Білім тозбайды)
Өнерлі (өрге жүзеді)

V. Ой толғаныс: а) Салыстыр;
Адам бойындағы қасиет – мінез-құлық, іс - әрекет
Жақсы қасиет -------------------- Жаман қасиет
Білімді -------------------------------- Білімсіз
Ақылды -------------------------------- еріншек
Талапты ----------------------------------- қайырымсыз
Еңбекқор ----------------------------------- жалқау
Қайырымды ----------------------------------- өсекші

Ә) Дыбыстық талдау жаса:
Жұппен жұмыс:
Ғылым Еңбек Өнер Талап

VI. Біз не үйрендік?
Абай

Ұлы ақын
Семей өңірінде туған
1845 - 1904ж
Ғылым таппай мақтанба
Ойшыл

VII. Бағалау:
Абай туралы дерек білу
Өлеңді мәнерлеп оқу
Жоба қорғау
Бекіту тапсырмаларын орындау
VIII. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап келу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама