Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Графикалық редакторлармен жұмыс жасау
Графикалық программаларда шығармашылық жұмыс жасау

XXI ғасыр компьютер ғасыры. Олай болса азаматтардың барлығы компьютерді игеру өмір талабы. Ұстаздардың алдында тұрған басты мақсат жас ұрпақты жай ғана оқытып қана қою емес, сонымен бірге даярлау. Ғылымның өсіп – өркендеуі елеулі техникалық прогресске жол ашып отырған жағдайда оқу – тәрбие пайдалану қажет. Оқу процесін гуманизациялауды, жаңа технология мен озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған білім беру жүйелерінің алдын ең маңызды міндеттерінің бірі. Қазіргі қоғам сұранысына сай білімді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзін өзі дамытып жетілдіре алатын жеке кәсіби маман даярлау аса маңызды.

«Есептеу техникасы және программалық қамсыздандыру» мамандығы бойынша оқу бағдарламасына енгізілген Corel DRAW, Adobe Photoshop, 3Ds MAX программаларды оқытылады. Осы графикалық программаларды оқытуда мақсат ЭЕМ операторы – қазіргі заман талабына сай, компьютердің мүмкіншіліктерін кеңінен қолдана алатын жеке кәсіби маман даярлау.

Графикалық программалардың мүмкіндіктері әртүрлі, дегенмен олардың құрылымы негізінде ортақ принциптер бар. Сол себепті векторлық, расторлық және үш өлшемді бейнелерді салу жолдарын көрсетуді екі бөлімге бөлдім: теориялық және тәжірибелік.

І. Бірінші бөлімнің мақсаты бейнелерді құрудың теориялық мәселелерін қарастыру.
1. Графикалық бейнелерді көрсету әдістері: векторлық, расторлық және үш өлшемді.
Adobe Photoshop – расторлық бейнелерді өңдеуге ең танымал программалардың бірі. Бұл программаларда расторлық кескіндерді жасау және өңдеу арқылы жоғары сапалы кескін (фотосуреттер) коллаж құруға әр түрлі бейнелерден қызықты, ерекше эффектілер алу үшін қолданылады.

Расторлық программалар суретті қалыптастыратын жүздеген және нүктелермен жұмыс істейді. Расторлық бейне мозаика сияқты өте ұсақ элементтер – пиксельдерден тұрады. Расторлық сурет тор көз дәптер бетіне ұқсайды, оның әр беті белгілі бір түспен боялады және осындай бояу нәтижесінде бейне қалыптасады.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама