Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Гидраның ішкі кұрылысы. Денесінің қосқабаттылығы
Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылы
№11 М. П. Окороков атындағы жалпы орта мектебі
Мұғалім: Алипбаева Н. Н.

Сабақ: 4 «Гидраның ішкі кұрылысы. Денесінің қосқабаттылығы».
Биология 7 сынып.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Оқушыларға гидраның ішкі құрылысын, денесінің қосқабаттылығын, асқорыту жүйесін, тыныс алуын, зәр шығару жүйесін үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың тез ойлау қабілеті мен есептеу мәдениетінің дамуына ықпал жасау.
Тәрбиелігі: Оқушылардың танымдық қызығушылығын туғызу. Топпен жұмыста достық қатынасты қалыптастыру. Ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Тілдік мақсаттар: Оқушылар орындай алады: Бактерияларды түсіну және ауызша түсіндіре білу.
Биологиялық терминалогия: гидра, бүршіктену, қармалауыштары, жынысты жолмен көбею формалары
Оқыту ресурстары:
Интербелсенді тақта, оқулық, бор, тақта, жұмыс дәптерлері, түрлі түсті қалам, түрлі түсті қағаз, қайшы, суреттер

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Бүгінгі сабақта келесі ережелер бойынша жұмыс атқарамыз.
• Сергіту сәті.
• Топтарға бөлу.
• Өзіндік жұмыс
• Көпіршелер арқылы оқыту
• Топтық жұмыс
• Постер жасау
• Жаңа мағлұмат аламыз.
• Өз ойларыңды айту.
• Рефлексия

 Қызығушылықты ояту:
• Сергіту сәті: 2 минут
«Екі жұлдыз, бір тілек» оқушылар бір - біріне бойындағы екі адамгершілік қасиетін, бір білегін білдіреді.
• Топтарға бөлу: 1 минут Шарлар бойынша топтарға бөлу (қызыл, қара, ақ)

ІІ. Қайталау: Венн диаграммасы.
Біржасушалы жануарлар
ұқсастығы
көпжасушалы жануарлар

Көпіршелер арқылы оқыту: 5 минут
Әр топ мүшелері жазған жұмысын бір - бірімен ауысып, толықтырулар енгізіп, бағалауға болады.

 Ой толғаныс:
- Оқушылар сендермен біз бүгінгі сабақта ішекқуыстыларға шолу жасадық.
- Жазира, бізге ертегі дайындап келіпті, ертегіде қандай жануар бейнеленді?
- Ия, бұл – гидра.
- Ия, бүгін біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы қандай болмақшы?
Интербелсенді тақтадан сабақтың тақырыбы шығады.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру: Презентация 20 минут
Жаңа сабақты оқыту және оқу үшін әдісі бойынша оқулықтағы тақырыпқа шолу жасайды. Оқулықтағы тақырып бойынша оқушыларға тапсырма беріледі.

І топ: гидраның құрылысы
ІІ топ: гидраның тітіркенгіштігі және регенерация құбылысы
ІІІ топ: гидраның жыныссыз және жынысты жолмен көбеюі

 Мағынаны тану:
Әр топ постер жасап, қорғайды. Постер жасаған кезде оқушылар оқулықты пайдаланады. Өздері ізденіп, шығармашылық жұмыс пен жаңа мағлұматтарды алады. Әр топ жұмысын қорғау кезінде спикер сайлап алады. Спикерге көмекші алуға да болады.

Ү. Сабақты қорытындылау: 5 минут
Мұғалім. Ал енді сабағымызды қорытындылайық. Интербелсенді тақтада:
«Гидра» атты слайд көрсетіледі. Осы тақырып бойынша әр топқа суреттер беріледі. Суреттер бойынша өз ойларын білдіріп, сабақты бекітеміз.

VІ. Рефлексия
Сабақ ұнады ма?
Ұнамаса несімен ұнамады?
Нені үйренгің келеді?
VІІ. Үй тапсырмасы: Гидраның тіршілік формасының суретін салу.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама