Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ы дыбысы мен әрпі
Убайтжанова Айсулу
Ақтөбе қаласы, №8 орта мектеп
сауат ашу
Тақырыбы: Ы дыбысы мен әрпі
Жалпы мақсаты: Оқушыларға Ы дыбысы мен әрпін, баспа және жазба түрі, бас әріп және кіші әріпін таныстыру. Оқу дағдысы мен жазу икемділігін қалыптастыру; Оқу әрекетіне бейімдеу.
Сілтеме 1. Оқыту әдістемелік нұсқау.
2. Электронды оқулық 1 класс Әліппе.
3. Әліппе оқулығы.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері Байланыстыра сөйлеу тілі дамиды, сөздік қоры жетіледі. Оқу міндетіне (суреттеу, баяндау, пікір айту) сәйкес монологтік (ауызша) сөйлеуді меңгереді. Байланыстыра жазуға дағдыланады.
Негізгі идеялар Оқушыларға Ы дыбысы мен әрпін меңгерту
Ресурстар Презентация.
Интербелсенді тапсырмалар.
Оқыту әдістері Кластер
Түсіндіру
Проблемалық
Дерек көздер
Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар
Әліппе серігі мәліметтері
Оқушы анықтамалығы
Тапсырмалар Кеспе әріптер мен буындардан сөздер құрау, сұрақтарға жауап беру, постер қорғау.
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс әрекеті
Тапсырма Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс – әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Түрлі түсті қағаздар арқылы топқа бөлу Өзіне ұнаған түстерді таңдайды, өз көңіл күйлерін таңдаған түстері арқылы білдіреді.
Білу - қажетті мәліметтерді есте сақтау. Ш, Й, О, Қ, Д, М, Б, С дыбыстарын пысықтау Дәптерге тапсырманы орындау. Сөздік диктант жазу
Түсіну
Түсіндірме
(Интерпретация)

Тақырыпқа кіріспе. Жұмбақ жасыру.
Шыны, кесе, пиала,
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді? (ыдыс)
• Электронды оқулықпен жұмыс.
• Ы дыбысы мен әрпінің айтылу, жазылу ерекшелігімен, қолданылуымен таныстыру. Жұмбақтың шешуін табу.
Жеке жұмыс. Сөздер мен мәтінді тізбектей оқиды.

Қолдану - оқу материалын нақты жағдайда және жаңа ситуацияда қолдануды Кеспе әріптер мен буындардан буын, сөздер құрау.
Ойын «Сөз ойла, тез ойла!» Постерде жұмыс орындайды.
Талдау - құрамдас бөліктерге жіктеу, айтылған ойды дамыту. Үлгі дәптермен жұмыс.
Ыдыс, қамыс сөздеріне дыбыстық талдау жасау. Оқушылар тапсырманы орындайды.
Сергіту сәті Музыкалық сергіту Қимылдар жасайды.
Синтез - Шығармашылық жанрлар.
П, қ дыбыстарынан кейін Ы дыбысын жалғау арқылы дыбыстың өзгерісі туралы талдау жасау. Проблемалық сұрақ тудыру.
Тауық -...... Топ -........
Тарақ -........ Доп -....... Сауат ашу дәптеріне орындайды.
Бағалау - Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру, таңдау жасап, шешім қабылдау. Бағалау топтағы оқушылардың қатысымына қарай құнды қағаздар арқылы өткізіледі.
20 $ - «өте жақсы»
10 $-«жақсы»
5 $-«орта деңгейде» қатысқан оқушыларға таратылады.
Рефлексия «Телеграмма». Оқушыларға өтілген жаңа дыбыс бойынша 3 сөз жазу ұсынылады. Бағалау экранына стикерге жазылған сөздерін жапсыру
Не сәтті өтті? Топтық жұмыста жаңа сөздер құру, рефлексия
Не сәтсіз өтті? Бағалау мақсаты

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама