Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Ы - І дыбыстарын ажырату
Сабақтың тақырыбы: Ы - І дыбыстарын ажырату
Сабақтың мақсаты:
1. Тіл дыбыстарын дұрыс айтуға керекті сөйлеу мүшелерінің қимыл - қозғалыстарын жетілдіру
[Ы] және [І] дыбыстарының артикуляциялық ерекшеліктерін меңгерту.
[Ы] және [І] дыбыстары қатысты сөздерді дұрыс айтуға жаттықтыру, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту
2. балалардың танымдық қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Фонетика - фонематикалық есту қабілетін арттыру. Өз беттерінше жұмыс істей білуге дағдыландыру
3. білімге деген құштарлықтарын арттыра отырып, ана тілін құрметтеуге үйрету
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер, айна, мақта, май шам, шырпы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, АКТ

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Балалардың зейінін сабаққа аудару
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Келген қонақтарға
Бас иеміз біз
Тыныс алу жаттығуы: май шамға үрлеу, мақтаға үрлеу
«Өз - өзімізге массаж жасайық»

Жаңа сабақ
- Ы, І дыбыстары қандай дыбыстар?
- Дауысты дыбыстар
Ы - жуан дауысты дыбыс, сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі
І - жіңішке дауысты дыбыс, сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі
- Балалар мына суреттерге назар аударайық, ы - і дыбыстары кездесетін суреттерді атаңдар
Ы - І дыбыстарының артикуляциялық кескініне сипаттама беру
«Көңілді тіл» ертегі бойынша артикуляциялық жаттығулар
Тілді оңға, солға, алға созу. «Ат шауып келеді» жаттығуы

Сергіту жаттығуы
- Тақтаға ілінген суреттерді атаңдар.
- Қызылша, қызанақ, қызғалдақ, қарбыз, қауын, үкі, бүркіт
- Осы сөздерді қатыстырып оқушыларға сөйлем құрату
Оқушыларға жеке тапсырмалар беру
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. Көп нүктенің орнына ы - і дыбыстарының тиістісін қой
3. Ы - І дыбыстарына басталатын сөздердің тұсына + белгісін қой
Ұсақ моторикамен жұмыс
Шырпыдан ы – і дыбыстарын құрастыру

Сабақты бекіту
1. Бүгін сабақта қандай дыбыстар туралы өттік?
2. Сонымен ы - і дыбыстарын қалай ажыратуға болады?
3. Сабақ ұнады ма?
Үйге тапсырма.
Қорытынды

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама