Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ыбырай Алтынсарин “Киіз үй мен ағаш үй” әңгімесі
Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин “Киіз үй мен ағаш үй” әңгімесі

Сабақтың мақсаты: жаңа тақырыпты түсіндіру
Міндеттері:
1. Ыбырай шығармашылығы туралы оқушылар білімін тереңдету;
2. Ыбырай әңгімелерінің тәрбиелік мәні мен мағынасын түсінуге жетелеу;
3. Жазушының әңгімелерінің негізінде шәкірттер бойында адамгершілік асыл қасиеттер тәрбиелеуге ықпал ету;
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты игеру сабағы.

Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, баяндау, рөлдерге бөліп оқу.
Сабақтың көрнекілігі: портрет, оқулық, хрестоматия, жұмыс дәптері, қосымша материалдар.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
II Үй жұмысын тексеру.
III Сабақтың мақсат - міндеттерін түсіндіру.
IV “Ой шақыру” стратегиясы:
- Ыбырай кім?
- Ыбырай туралы не білеміз?
- Биыл Ы. Алтынсариннің туғанына неше жыл толып отыр?
- Қандай әңгімелерін оқыдыңдар?
Қызығушылығын ояту
- Қазақ ағартушылары кімдер?
Жауап: Шоқан, Ыбырай, Абай,

V Жаңа сабақты игеру кезеңі:
1. Сөздік жұмысы.
Сөздік жұмысы.
Киіз қос - шалаш, навес из кошмы
Бүрісу - съеживаться, скрючиваться
Қыстау - зимовье
Жарты пұл - полцены
Қолайлы - удобный
Құлдық ұру - выражать покорность, полное согласие
Уақ жұмыс - мелкая работа
Бейнетқор - трудолюбивый

2. Әдебиет теориясынан түсінік беру.
Әдебиет теориясынан түсінік.
Әңгіме деген қандай шығарма?
Әңгіме – оқиғаны баяндап айтуға негізделген, қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма. Әңгімеде әдетте бас - аяғы
жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады.
Әңгіме кейіпкерлері көп болмайды. Сюжет желісі бір арналы ширақ келіп, тақырыбы мен идеясы айқын болады.
Қазақ әдебиетінде балаларға арнап тұңғыш әңгімелер жазған - Ыбырай Алтынсарин.
3. Ыбырайдың “Киіз үй мен ағаш үй” әңгімесі оқылады.
а/ әңгімені рөлдерге бөліп оқу.
ә/ Топпен жұмыс
Бірінші топ - қазақтың киіз үйін жақтаушылар
Екінші топ - ағаш үйді жақтаушылар
Үшінші топ - сарапшылар

VI Сабақты бекіту.
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей: Ізденушілер. Ыбырай қай жылы дүниеге келді? Өмірі туралы мәлімет
ІІ деңгей: Шығармаларын ашу.
ІІІ деңгей: Ыбырай шығармаларын тәрбиелік мәнін айту.

VII Үйге тапсырма
Әңгімені мазмұндау, хрестоматияда берілген шығармаларын оқып келу.
Рефлексия
оқушылардың сабақтан алған әсерлері.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама