Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
Ыбырайдың өмірі мен шығармашылық қызметі туралы баяндай отырып, қазақ әдебиетінің жанрды қалыптастырушысы болғанын айту.
Сабақтың міндеттері:
1. Ыбырай әңгңмелерін оқушыларға қысқаша мазмұндата отырып, аз суретпен көп мағына аңғартатындығын әрі олардың шынайы өмірден алынғандығы - нына назар аударту.
2. Оқушының ой еркіндігін эстетикалықсезімін ояту, әңгімелердегі көркем сөз айшықтарын ұғындыру, қысқаша мазмұндату арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
3. Оқушыларды Ыбырай әңгімелеріндегі кейіпкерлердің жақсы мінез - құлық, орынды іс - әрекеттерән талдау арқылы адамгершілікке, адалдыққа, мейірімділікке қамқорлық жасауға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың көрнекілігі: Ыбырай суреті, кітаптары, слайд
Сабақтың әдістері: СТО стратегиялары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Шоқанның білім алған ортасы, араласып өскен ортасы туралы әңгімеле.
2. Аз ғұмырында көп іс тындырған Шоқан өмрінен қандай ғибырат аласың?
3. Шоқан зерттеулері туралы не білесің?
ІІІ. Жаңа сабақ
І. а)"Ыбырай Алтынсарин қазақ арасына әуелі Еуропаның білім - ғылымының көзін ашқан бір аяулы жан болды." (М. Әуезов)

ә) БҮҮ стратегиясы бойынша Ыбырай туралы не білетіні, білгісі келетіні
б) Хронологиялық таблица арқылы өмір жолына шолу
Жылдар
1841ж
1850ж.
1857ж.
1859ж.
1860ж.
1864ж.
1876ж.
1879ж.
1881ж.
1883ж.
1887ж.
1889ж. Қостанай облысы, Затабас ауданында дүниеге келді.
Орынборда ашылған орыс - қазақ мектебінде оқыды.
Мектепті үздік бітіріп шығады.
Орынбор шекара қызметіне тілмаш болып барады. Осы жерде шығысты зерттеуші ғалым Григорьевпен танысады
Троицк, Торғай, Ырғыз, Қазалы қалаларында қазақ мектебі ашылады. Торғай метебіне мұғалім болып барады.
Торғайда қазақ балаларына мектеп ашады. 14 бала қабылданады.
Қазақ балаларына"Қазақ хрестоматиясы"оқулығын жазуға кіріседі.
Орынборда басылады.
Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебін ашады.
Торғайда қолөнер мектебі ашылады. Бұл техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды.
Ырғызда қыздар мектебін ашады. Ыбырай сол кездегі Орынбор,
Қазан қалаларындағы шығыстану ғылымымен шұғылданушы В. В. Григорьев, Н. И. Ильминский, В. В. Каторинский, Я. П. Яковлев,
А. АМазохинмен тығыз қарым - қатынаста болып, оқу ағарту мәелері жөнінде көп көмек алады.
48жасында дүние салады.

в) Ыбырай - аудармашы
Ыбырай - қазақ әдебиетіндегі тұңғыш аудармашы. Ол аудармаға үлкен ұқыптылықпен қараған. Толстойдан" Жақсылыққа жамандық","Жаман жолдас","Үш ұры", Крыловтан" Қайырымды түлкі", Пауьсоннан "Әдеп","Тәкаппарлық"," Алтын шеттеуік"," Бір уыс мақта", Ушинскиден "Түлкі мен ешкі"," Сауысқан мен ешкі"," Сауысқан мен қарға"т. б
ІІ. Ыбырай әңгімелерін оқулықтан оқып, талдау, топтастыру.
ІІІ". Екі жақты күнделік"стратегиясы
Оқушыларға" Бақша ағаштары","Әке мен бала"әңгімелерінен ең маңызды сөйлемді тауып, өз көзқарасын жеткізу.
Абзацтан үзінді Неге таңдадыңыз? Ой толғаныс

ІҮ. Блумның сұрақ қою әдісі бойынша топтар бір - біріне сұрақ қойады.
1. Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ»әңгімесіндегі үш жолаушының пікірінің қайсысы дұрыс деп ойлайсың?
2. Ыбырай әңгімелеріндегі мақал - мәтелдерді тауып айт.
3. Егер сен жазушы болсаң, қандай тақырыпты әңгімелер жазар едің?
Ү. «Ортада қаламсап»стратегиясы
Ыбырай әңгімелерін оқи отырып, бойымызға қандай асыл қасиеттерді жинақтадық, нені ұқтық?
Ыбырай әңгімелері арқылы(топтастырады)
Тәрбиелі болуға, мейірімді болуға, тазалыққа, шыдамдылықты, әділдікті, білімді болуға, ұқыптылықты
Ү. Сауалнама жұмысы
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Үйге тапсырма: Даланың дара ұстазы
ҮІІІ. Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама