Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ыбырай Алтынсарин "Таза бұлақ"
Сыныбы: 3
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин "Таза бұлақ"
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқу, мәтіннің тақырыбын ашу, мазмұнын есте сақтау; Диалог жолымен тіл дамыту, өз ойын жеткізе білу, байланыстырып сөйлеу, сұрақтарға жауап беру;
2. Дамытушылық: Мәтін мазмұнын ана тілінде айта білуге жаттығу, оқушыларды бір - біріне сұрақ қоя білуге жаттықтыру, сөз қорын молайтуға, ойлау қабілетін дамыту, дұрыс сөйлем құрау, сауатты жазу, мәдениетін дамыту;
3. Тәрбиелік: Ақын - жазушы шығармаларын оқып, үлгі алуға, табиғатты сүюге, аялауға және қамқорлық, жанашырлық сезімін баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, мәтінмен жұмыс, әңгімелесу, талдау, топпен жұмыс.
Көрнекіліктер: суреттер, интерактивті тақта, проектор.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын, оқу, тақта, құралдарын тексеру, оқушылардың көңілін сабаққа аудару.
II. Үй жұмысын тексеру (Ы. Алтынсариннің, бұлақ суреті)
"Баланың айласы" әңгімелеу.
Қайталау сұрақтары:
1. Ыбырай Алтынсарин кім?
2. Қандай шығармалары бар?
- Балалар, біз Ыбырай Алтынсарин туралы өткен сабақтарда танысып өткенбіз. Енді, Ыбырай Алтынсарин кім, қандай адам болған, қандай игілікті істер атқарды, қазақ халқы үшін оның алар орны қандай? Міне, осы туралы ойымызды жинақтап жіберейік. (ассоциация құрастыру)

III. Жаңа сабақ.
1. Мәтінмен жұмыс:
1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу.
2. Тасқа жазылған сөйлем қандай? (тақтаға мәтінге байланысты суреттер шығады)
3. Мәтін бойынша сұрақтар қойыңдар
2. Топпен жұмыс:
- Балалар, қараңдар мына суреттер мәтіндегі үш жолаушының сөздерін бөліп қарастырамыз, яғни біз үш топқа бөлінуіміз керек.
I - топ – «Бұлақ» тобы
II - топ – «Қайнар» тобы
III - топ – «Бастау» тобы

- Енді әр топқа тапсырма:
1. Берілген бөлікке тақырып қою.
2. Бұлақтың басындағы: Әй, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай бол!» деген сөзді сендер қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды айтыңдар.
3. Көрініс көрсету. Диалог үш оқушы арасында.
4. Суретпен жұмыс (табиғатқа байланысты суреттер)
5. Оқулықпен жұмыс:
Мәтінді тізбектей оқыту.

IV. Сен нені жиі ұмытасың? Кестені толтырыңдар.
V. Викторина сұрақтары:
1. Су - тіршілік көзі.
2. Бұлақ көрсең - көзін аш.
3. Судың да - сұрауы бар.
4. Табиғатты қорғау - біздің міндетіміз.
5. Көлдің құпиясы - сөздің құпиясы.
6. Қазақ балалары үшін мектеп ашқан кім? Ыбырай Алтынсарин.
7. Ыбырай Алтынсарин кім? Педагог, ақын - жазушы
8. Бұлақты жер - тұрақты жер.
9. Сулы жер - нулы жер.

VI. Қорыту, бағалау.
VII. Үйге тапсырма: "Таза бұлақ" әңгімелеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама