Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Ыбырай Алтынсарин «Таза бұлақ»
Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Таза бұлақ»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Мәтінді оқи отырып, негізгі ойын аша білу.
2. Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары арқылы оқушылардың өз ойын, пікірін айтуға машықтандыру, ойлау қабілетін дамыту.
3. Әңгіме арқылы еңбек ету, жақсылық жасау, адал, таза болу идеясын бойға сіңіру, еңбекқор, адамгершілігі мол, жақсылықты жаны сүйетін адам болуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа материалды түсіндіру сабағы
Әдіс - тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясына негізделген топтық жұмыс, конструкция әдісі
Көрнекілігі: бұлақ суреті, мақал - мәтелдер
АКТ - магнитофоннан су сыбдыры

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды әр түрлі стикерлер арқылы топқа бөлу – 2мин
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
А) «Серпілген сауалдар» әдісі бойынша бір - біріне сұрақтар қою. - 3мин

ІІІ. Жаңа сабақ
1) Магнитофон тыңдау (судың сылдыры). 2 мин
- Не естіп тұрмыз?
- Ол ағып жатқан не?
2. Сабақтың тақырыбын ашу, мақсатын анықтау.- 1мин
Әр топ СМС - хаттар құрастыру арқылы сабақтың мақсатын ашады.
1. Мәтіннің мазмұнын түсіну
2. Мәтіннің негізгі ойын анықтау
3. Топпен бірлесе жұмыс істеу
4. Бір - бірінің пікірін тыңдай білу.
3. Мәтінмен жұмыс
А) Мәтінді түсініп оқу – 5мин
Ә) Жұптық жұмыс. 2 - мин
Мәтін бойынша бір - біріне сұрақтар қою.
4. Әр топқа берілген мәтін үзіндісі бойынша постер жасау.- 7мин
5. Әр топ өз мүшелерімен келіп жұмысты қорғайды.– 5 мин
6. Мақал - мәтелмен жұмыс
Әр топқа берілген мақал - мәтелден мағынасы мәтінге сәйкес мақал - мәтелді тауып, мағынасын талдап, түсіндіру
І топ: 1. Бірлік болмай тірлік болмас.
2. Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
3. Ақ жүрген адам азбас.

ІІ топ: 1. Отан — елдің анасы
Ел - ердің анасы
2. Өнерлі бала сүйкімді.
3. Жақсы адам – елдің ырысы
Жақсы жер – жанның тынысы

ІІІ топ: 1. Еңбектің наны тәтті
Жалқаудың жаны тәтті
2. Жақсы ниет – жарым ырыс
3. Отан оттан да ыстық.

ІҮ топ: 1. Қайырымдылық жасасаң
Қайырын өзің көресің.
2. Оқу – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы
3. Отан – отбасынан басталады
7. «5 жол өлең» әдісі
1) Зат есім Бұлақ
2) 2 сын есім...........
3) 3 етістік...................
4) Сөйлем құрау не мақал жазу
5) Синоним табу
Бағдаршаммен бағала
8. «Әткеншек» әдісі бойынша. Әр топ адам бойындағы бір жақсы қасиетті жазады. Сағат тілімен келесі топқа барып, олардың жауабын оқиды да, құстұмсық қояды және өздері толықтырып 1 сөз жазады.
Әр топқа оқыту.

ІІІ. Қорытынды:
- Не білдім?
- Не қызықты болды?
Себет еттартқыш қоқыс шелегі

Оқушылар алдындағы стикерлерге өз аттарын жазып, сабақты түсінген оқушы себетке жапсырады, түсініксіз болды дегендері еттартқышқа жапсырады, мүлде түсінбедім деген оқушы қоқыс шелегіне жапсырады.
ІҮ. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Ү. Үйге тапсырма: «Су – тіршілік көзі» тақырыбына эссе яғни шағын шығарма жазу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама