Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ыбырай Жақаев жайлы сұхбаттар
Аңыз адам
Ы. Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінің директоры Ыханова Құттықыз Шайыққызы
- Құттықыз апай, ақ күріштің атасы атанған диқан баба және оның ұрпақтары жайлы не айтар едіңіз?
- Ыбырай Жақаев Сыр бойындағы Қызылорда облысы, Шиелі ауданына қарасты «Қарғалы» елді мекенінде, кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Жастайынан әкесінің соңына еріп, диқаншылықтың қыр - сырына қанығып өскен. Қазан төңкерісі жеңгеннен кейін қазақ ауылын советтендіру, ауыл шаруашылығын коллективтендіру ісіне белсене қатынасып, 1929 жылы «Қызылту» колхозына мүше болып кіріп, диқаншылықты кәсіп еткен. Өзінің бойындағы ерен күші мен еңбексүйгіштігінің арқасында күріш дақылынан мол өнім алудың алғашқы үлгісін көрсетіп, 1947 жылы дүниежүзілік рекорд жасаған кісі. Сондай - ақ атамыз ұзақ жылдар бойы күріштен өнімді мол ала отырып, оны егу, күтудің агротехникасын жетілдіруге үлес қосып, кейінгі жастарға ақылшы – ұстаз бола білген.
Үкімет пен партия Ы. Жақаевтың көп жылдар бойғы еңбегін жоғары бағалап, 1946 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын берген. Қазір Ыбырай атамыздың атында мектеп, ауыл, мешіт және мұражай бар. Ол кісі еңбегінің арқасында қаншама халыққа нанын жегізіп отыр.
Ыбырай атамыздың әйелінің есімі Бибіажар апамыз 1900жылы туылып, 1976жылы 76 жасында қайтыс болған. Ол кісілердің Ақылбек және Сейітбек атты екі ұлы, Қалия атты бір қызы бар. Ақылбек 1922 жылы туылып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан. Қазіргі таңда 1942 жылы туылған ұлы Сейітбектен Сейілбек, Мейірбек атты екі ұл, Патима, Ботагөз, Бахтыгүл, Аягөз, Меруерт атты бес қызы бар. Қызы Қалиядан төрт қыз, үш ұл, он тоғыз немересі бар. Қызы Қалия 1924 жылы туылып, 1984 жылы қайтыс болған. Немерелері Сейілбектен Жазылбек, Дінмұхамед атты екі ұл Мейірбектен Іңкәр, Назым, Жансая атты үш қыз, Ботагөзден Зейілбек атты бір ұл, Айгерім, Алия деген екі қызы бар. Бахтыгүлден Гүлнұр, Бейбарыс атты бір қыз, бір ұл бар. Аягөзден Абылайхан, Ақжан атты екі ұл бар. Жалпы айтқанда Ыбырай атамыздың он төрт немересі, отыз бір шөбересі бар.
- Мұражайдың қазіргі таңдағы тыныс - тіршілігі жайлы айтсаңыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама