Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ыдыстар мен жиһаздар
Тақырыбы: Ыдыстар мен жиһаздар.
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта, шығармашылық.
Бөлімдері: Көркем әдебиеті, сурет салу.
Мақсаты: Ыдыстар мен жиһаздар не үшін қажет екені туралы түсінік беру. Сөздік қорларын кеңейту, ойлау қабілеттерін, әртістік қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Билигвалдық кампоненті: Ыдыс - аяқтар - посуды, жиһаз – мебель.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, ой қозғау, психологиялық ойын жаттығулары.
Көрнекі құралдар: Дидактикалық материалдар, ыдыстар мен жиһаздардың суреттері, слайд.

Мотивациялық қозғаушы кезең.
Ұйымдастырушылық – ізденушілік.
Жылулық шеңберінде тұрып, жылы лебіз, тілек сөздерін айту.
Балалар қуанышымызды бір - бірімізге жеткізейік.
Біз қандаймыз, қандаймыз.
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді білмейміз.
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
— Жарайсыңдар балалар!
Алақан жылуы арқылы сезіне тұрып жеткізейік.
— Еліміз тыныш болсын.
— Деніміз сау болсын.
— Бәріміз дос болайық.
— Нанымыз көп болсын.
— Аспанымыз ашық болсын.
— Бақытты болайық.
— Бірлігіміз жарассын.
Балалар ыдыстар мен жиһаздар туралы тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаштар білеміз бе?

Рефлексивті коррекциялаушы
Балалар «Үш аю»ертегісін білеміз бе? Ондағы кейіпкерлер кімдер? Онда ортаға шығып «Үш аю» ертегісін сахналап көрсетейік.
Баяғы заманда бір Маша деген қыз болыпты. Орманнан саңырауқұлақ теруге шығады. үйіне қайтатын жолдан адасып қалады да, жылап келе жатады. Алдынан бір үйшікті көріп қуанып кетеді. Сол үйшіктің ішіне кіреді. Үйшіктің іші екі бөлме, бір бөлмесінде асхана, екінші бөлмесі жатын бөлме екен. Қыз асханаға кіріп тамақтанады. Мына үлкен табақтағы тамақтың дәмі қышқыл екен. Ортаншы табақтағы тамақты қарайды. Кішкентай табақтағы тамақты тоя ішеді Маша.
Маша тамаққа тойған соң ұйқысы келеді. Тәтті ұйқыға батып ұйықтап жатады. Үш аю үйлеріне келеді.
Маша оянып кетіп не істерін білмей қорқып терезеге қарайды. Терезе ашық екен содан секіріп түсіп қашып кетеді. Үш аю соңынан қуып жете алмайды.
Альбоммен жұмыс. Кесені бояу.
Сергіту сәті.
Ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне қатысқан балаларды мадақтау.
- Сау болыңыздар.
Ыдыстар мен жиһаздар. жүктеу​​​

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама