Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Inkscape векторлық графикасының редакторы
Информатика 7 - сынып
Inkscape векторлық графикасының редакторы
Сабақтың тақырыбы: §21 Inkscape векторлық графикасының редакторы
Сілтеме: • «Информатика» оқулығы 7 - сынып;
• Жұмыс дәптері 7 - сынып
• Мұғалім кітабы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Inkscape бағдарламасының интерфейсін қолданып, бағдарламамен жұмыс жасау тапсырмалары арқылы, құралдармен командаларды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: 1. Жұмыс үстелі және оның құрылымын сипаттап іске қоса алады.
2. Inkscape бағдарламасының құралдарын пайдаланып компьютерде тапсырмалар орындай алады.
3. Inkscape бағдарламасында әртүрлі бейнелерге құралдар мен командаларды қолдана алады.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Модульдер: СТО, АКТ, өзін - өзі бағалау, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдер, Талантты және дарынды балаларды оқыту
Әдіс - тәсілдер: «Миға шабуыл», «Ой қозғау», «Джигсо», практикалық жұмыс, сәйкестендіру тесті
Түйінді идея: Inkscape векторлық графикасының редакторы

Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгелдеу, оқу – құралдарын тексеру
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Оқушыларды қарама – қарсы тұрғызып, сергіту сәтін ойнату.
Күлім қағып қолымды,
Бір, екі, үш деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Жылы - жылы сөзбенен,
Маңдайынан сипайын.
Жылы - жылы сөзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бір қысайын.
Амандасып өзіңменен,
Құшақтап бір алайын.
Inkscape векторлық графикасының редакторы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама