Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Inkscape векторлық графикасының редакторы
Шымкент қаласы, Қаратау ауданы,
№58 жалпы орта мектебінің
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
информатика пәнінің мұғалімі
Гасанова Зохра Атахановна

7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: §21 Inkscape векторлық графикасының редакторы
Сілтеме: «Информатика» оқулығы 7 - сынып;
Жұмыс дәптері 7 - сынып
Мұғалім кітабы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Inkscape бағдарламасының интерфейсін қолданып, бағдарламамен жұмыс жасау тапсырмалары арқылы, құралдармен командаларды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі:
1. Жұмыс үстелі және оның құрылымын сипаттап іске қоса алады.
2. Inkscape бағдарламасының құралдарын пайдаланып компьютерде тапсырмалар орындай алады.
3. Inkscape бағдарламасында әртүрлі бейнелерге құралдар мен командаларды қолдана алады.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдер: «Миға шабуыл», «Ой қозғау», «Джигсо», «Сөздер банкісі,», практикалық жұмыс, сәйкестендіру тесті
Сабақ кезеңдері:
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгелдеу, оқу – құралдарын тексеру

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Оқушыларды 4 топқа бөлу
Үй тапсырмасын сұрау
«Миға шабуыл»
1. Өздеріңе белгілі графикалық редакторлардың түрлерін анықтап, олардың мүмкіндіктерін сипаттаңдар.
2. Суреттер қандай пішімде жиі сақталады?
3. Графикалық файлдардың қандай пішімдерін білесіңдер? Қалай ойлайсыңдар, графикалық файлдың пішімі оны жасаған программаға байланысты ма?
Үй тапсырмасын бекіту
«Сөздер банкісі» керек сөздерді банкіге салу

«Ой қозғау»
Оқушылар Венгр сөзжұмбағын шешіп жаңа сабақтың тақырыбын ашады
«Джигсо» әдісі арқылы оқушыларға тақырыпты бөліп беремін.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.
Компьютерде тәжірибелік жұмыс

Сергіту: Оқушыларды «Мария магдалена» әуеніне билету.
Сәйкестендіру тесті

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама