Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Ынтымақты отбасы
Тақырыбы: «Ынтымақты отбасы»
Мақсаты: Балаларды ата - аналары мен бас қосу кешіне қатыстыра отырып, оларға отбасы - Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, ынтымақпен шеберлікке, татулықпен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Дәстүрлі емес бос қосу кеші
Керекті құралдар: мультимедия, үнтаспа, суреттер.

Тәрбиеші: Анаң - күнің, жүрегің,
Әкең - өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Әжең - асыл ардағың,
Атаң - дала қорғаның.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!

- Армысыздар Құрметті ата - аналар, жанкүйерлер!
Қош келдіңіздер, біздің сайысқа.
Адам барма ана сүтін татпаған,
Алуан - алуан ауыр сынды аттаған.
Адалдықты, ар - намысты сақтаған,
Мен әкенің сонысына мақтанам – деп ұрандатып бүгінгі «Ынтымақты отбасы» атты сайысына «Жұлдыз», «Қонжық», «Ботақан» мектепалды даярлық шағын орталық топтарының ата – аналары қатысқалы тұр. 4 топтың сайыскерлерін құрметтеп ортаға шақырайық.

1. «Қонжықтар» тобы
2. «Қыран» тобы
3. «Жұлдыздар» тобы
4. «Інжу» тобы
Сайыскерлерімізді әділ бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныстыру.

Тәрбиеші: Байқау 8 бөлімнен тұрады.
Армысыздар, жалпыңыз,
Сәлем беру салтымыз!
Сайыскерлер сайрайды,
Жеті атасын санайды.

1 бөлім. «Өзін - өзі таныстыру»
Сайыскерлер өздерін таныстырып шығады.

2 бөлім. «Ынтымағы жарасқан менің отбасым»
Ата - аналар мультимедиа көмегімен өз отбасын слайд арқылы баяндап береді.

3 бөлім. «Тұжырымды ой айтайық»
Әділқазылардың алдына келіп бір билеттен алып сұрақтарға жауап береді.

4 бөлім. «Мақал - сөздің мәйегі»
Бұл бөлімде кім қанша мақал айтады және де экранға мақалдың басы жазылған аяғын аяқтау керек. Әр отбасыға бір - бір мақалдан беріледі.

5 бөлім. «Баламызбен бірге ойнай отырып ойланайық»
Бұл бөлімде 4 ойын бар.

1 ойын: «Арқан тартыс» ойыны.
Ойын шарты: Арқан тартылады, жеңген топ келесі топты шақырады.

2 ойын: «Алақанынан мінезін таны»
Ойын шарты: Отбасы басшысының көзі таңылып, көрші отбасы басшысының мінезін айту.

3 ойын: «Балаңызды жүзінен таны»
Ойын шарты: Анасының көзі байланады, қаз - қатар отырған балалардың арасынан сипау арқылы өз баласын тауып алу керек.

4 ойын: «Көңіл күйді жаттықтыру»
Ойын шарты: Қоржыннан асық таңдап алады. Әр асықта тапсырма болады.
Бірінші асықта – жылап тұрған адамның кейпін көрсету
Екінші асықта – қатты күліп тұрған адамның кейпін көрсету
Үшінші асықта – өлең айтып тұрған адамның кейпін көрсету
Төртінші асықта – қатты таңғалып тұрған адамның кейпін көрсету
Бесінші асықта – билеп тұрған адамның бейнесін жасау.

6 бөлім. «Бала тілі бал»
Бөлімнің шарты: Балалар тәрбиеші берген сұрақтарға жауап береді.
1 сұрақ: Отбасы мүшелерін ата?
2 сұрақ: Қандай тағамды жақсы көресің?
3 сұрақ: Сен кімді жақсы көресің?
4 сұрақ: Отбасы жөнінде тақпақ айтып берші?

7 бөлім. «Көңілді күй сыйлайық»
Бөлімнің шарты: Әр отбасы өз өнерін көрсетеді.

Тәрбиеші: Бүгінгі күн әр шаңырақтың той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым еткен байқауымыздың соңында
Ақ тілекпен әділқазы сөз алар.
Әділ - қазылар қорытындысы беріледі. Сыйлықтармен марапаттау.
Жүргізуші: Осымен біздің бүгінгі «Ынтымақты отбасы» атты танымдық сайысымыз аяқталды. Қатысқан ата - аналарға көп рахмет!
Сау болыңыздар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама