Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Ысқыштың техникалық өрістері
Ақмола облысы, Зеренді ауданы
МКҚК «Зеренді балалар музыка мектебі»
Қобыз сыныбының мұғалімі Кабылова Агерке Жанатлековна

Ашық сабақ
Тақырып: «Ысқыштың техникалық өрістері»
Сабақтың мақсаты:
Оқушының оң және сол қол аппаратын қою.
Сабақтың міндеті: Ысқышты дұрыс жүргізіп, бір - бірімен байланыстыра бірқалыпты дыбыс шығару. Таза дыбысты дәл табуға дағдыландырып дыбыс тазалығын мұқият бақылап отыру.
Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, аспаптар, нота парағы
Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезең, білім алушының сабаққа дайындығын тексеру, аспаптың құлақ бұрауын келтіру.

Кіріспе. Қобыз аспабы туралы қысқаша мәлімет. Презентация. Сол қол мен оң қолға арналған жаттығулар.
Жаңа тақырып: «Ысқыштың техникалық өрістері»
Қобызда ойнау тәсілінің ең күрделісі дыбыс бояуын шығару. Қобыз тартуды үйрету кезінде екі жағдайды ескергені жөн:
1. Орындалатын шығарманың көркемдік сапасы;
2. Техникалық өрістері.
Ысқышты ашық ішектер бойынша жүргізу
Ысқышты тиектің бойымен жүргізу:
- ортаңғы бөлігімен
- жоғары бөлігімен
- төменгі бөлігімен
- тұтас бөлігімен
- ішек алмасу
Сол қолдың қызметі – әрбір дыбысты дәл тауып ішек бойына дұрыс орналастыру. Ішектің мойынынан алшақ тұруына және ұлттық ойнау тәсіліне байланысты дыбыс тырнақ көбесін ішекке тигізу арқылы шығады. Саусақтардың ұштары бірдей болып жартылай бүгіліп, ішекке қатарласа орналасып, бармақ мойынға орналасады. Төрт саусақ дыбыс шығаруда негізгі роль атқарады да, бармақ оларға сүйіп, тек қосалқы қызмет атқарады. Қолдың буындары еркін, бос қимыл жасап, білек буыны аздап ішекке майысып саусақтар ішекті қатты баспай, жинақы орналасу керек. Саусақтардың шашыраңқы болуы техникалық мүмкіндікті шектейді, ал тым сылбыр бассақ, дыбыстың таза шықпай ауытқып кетуіне апарып соқтырады.
Бірінші, екінші, үшінші саусақтарды ішекке қою.

Саусақтардың арасындағы жарты және бір тоннан тұратын ноталарды ойнау, оларға таза, дәлме дәл түсу үшін саусақтардың арасының емін - еркін ашылуы үшін жаттығулар жасау.
Саусақтардың қойылу ретінің белгілері:
0 – ашық ішек
1 – бірінші саусақ
2 – екінші саусақ
3 – үшінші саусақ
4 – төртінші саусақ

Үй тапсырмасы: Ашық ішектерде ысқыш жүргізу, ішектен ішекке көшу. Ысқыштың әр бөлігімен ойнау. «Ре», «Ля» ішектердегі ноталар орналасуы, саусақ дағдысы.
Қортынды: бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама