Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
IV Нобель фестивалі Қазұу-ды шақырады
Нобель сыйлығының лауреаттары 12 - 22 сәуір аралығында Phenom Metaverse (Феном Метаверс – виртуалды 3D кеңістік) мета - әлемінде өтетін IV Нобель фестивалі барысында арнайы дәрістер оқиды.
Ағымдағы жылы Нобель фестивалі бір уақытта Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия және Сауд Арабиясында өтеді. IV халықаралық онлайн - фестиваль әлемдік ғылым жұлдыздарын, жаңашыл жандар, визионерлер мен бизнес - спикерлердің басын қосады.
Ұйымдастырушы – Nobel Fest іс - шараларды инклюзивті дамыту қоры. Шараның биылғы тақырыбы – «Экспоненциалды инновациялар әлемі».
Ол жаңа экономиканы модельдеуге, жасанды интеллект үстемдігіне, зиянды қалдықсыз шығаруға, сондай - ақ сандық мета - әлемдегі өмірге арналған. Жетекші сарапшылар болашақта жұмыс қандай болады, ХХІ ғасыр маманына қандай дағдылар қажет, NFT дегеніміз не, блокчейн индустриясы қалай дамиды, біз жаңашылдыққа қалай дайындаламыз және болашақ әлемде адам қандай болады деген сұрақтарға жауап береді. Осы мәселелердің барлығы қазіргі өзгеріп жатқан технологиялар ғасырында аса өзекті.
Фестиваль аясында Нобель дәрістерінің апталығы өтеді, ол Нобель сыйлығының он лауреаты мен «Серпіліс үшін» сыйлығы иегерлерінің дәрістерін тыңдауға мүмкіндік береді (Breakthrough prize немесе ғылыми Оскар – инновациялар бойынша ең беделді әрі жүлде 3 млн доллар болатын сыйлық).
Дәрістер онлайн форматта өткізіледі және тіркелгеннен кейін кез келген адамға тегін.
Нобель фестиваліне тіркелу ашық: https://nobel - fest. org/
IV Нобель фестивалінің виртуалды алаңына кіру үшін App Store немесе Google Play арқылы Phenom Metaverse мобильді қосымшасын жүктеу керек.
Нобель фестивалінің барлық қатысушылары сертификатқа ие болады.
Фестиваль қатысушылары үшін басты сыйлық – Гарвард университетінің профессоры, доктор Вивек Вадхваның инновациялар бойынша әлемдегі үздік курсы негізіндегі тегін сабақтар апталығы болмақ.
І курс докторанты Алпысбай Марғулан Айболұлы
ғылыми жетекші: доцент м. а. Ph. D. Утебаева Д. С.
www. kaznu. kz

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама