Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Қазақ тілі
Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлемдер
Мақсаты: Оқушылардың жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсініктерін кеңейту. Сонымен оқушыларды сауатты жазуға үйрету мақсатындағы сабақта оқушыларды ұжымдыққа баулу, шығармашылыққа бейімдеу көзделді.
Көрнекі құралдар: Суреттер слайд түріндегі

Сабақ барысы:
I. Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өз ара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен -
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.
ІІ. Топтастыру

I топ «Нүкте» тобы
II топ «Үтір» тобы
ІІІ топ «Сызықша» тобы

Топтың ережелерімен таныстыру

* білуге және көбірек есте сақтауға тырысамыз;
* «қол көтеру» ережесін қадағалаймыз;
* ашық айтамыз;
* бір - бірлеп сөйлейміз;
* мәселенің мәні бойынша сөйлейміз;
* бір - бірімізді тыңдаймыз;
* бір - бірімізді ұғынуға тырысамыз;
* өзгелердің сезімін сыйлаймыз;
* құпиялылықты қадағалаймыз;
* уақытша шекараны қадағалаймыз;
* бір - бірімізге сый көрсетеміз (сөзбен, шапалақпен) және т. б.

II. Үй тапсырмасы тексеріледі.
«Ыстық сұрақтар» (топтан бір оқушы шығады мұғалім сұрақтар қояды)

Жаңа тақырыппен жұмыс:
«араб грамотасы» бойынша жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
ЖЛҢ ЖН ЖЙЛМ СЙЛМДР
«Жалаң және жайылма сөйлемдер»
Жай сөйлем түрлері.

1. Жалаң сөйлемдер 2. Жайылма сөйлемдер.
Сөйлем тұрлаусыз мүшелердің қатысу қатыспауына байланысты жалаң және жайылма болады.
Тұрлаулы мүше қатыспаған жай сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.
Тұрлаусыз мүше қатысқан жай сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.
Дәптермен жұмыс:
- Бүгінгі күн мен тақырыпты жазайық
Қарашаның жиырма бірі
Сынып жұмысы
Оқулықпен жұмыс:
7 - жаттығу 50 бет.(жазбаша) әр топ 1 сөйлемнен алып, оқып шығып, жай сөйлемдердің қайсысы жалаң, қайсысы жайылма себебін түсіндіріңдер.
Топпен жұмыс
8 - жаттығу 50 бет.(ауызша) жайылма сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда.
Ой толғаныс: «Сөзжұмбақ шешу»
төрт
1. Табиғи дарын, ерекше қабілет.
2. Тор құратын жәндік
3. Үстінен пойыз, трамвай доңғалағы жылжып жүретін болат білеу жол.
4. Сан
Сергіту сәті «қызыл өрік» әніне.
Суретпен жұмыс ( жалаң және жайылма сөйлемдер құрау) 11 – жаттығу 51 бет
Мақал құрау 12 - жаттығу 51 бет.

Қорытынды:
- Сөйлемнің қандай түрлерін қайталадық? Айырмашылықтары неде?
Бағалау:.................
Үй тапсырмасын беру:

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама