Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жалған IELTS-пен оқуға түскісі келген қыз жазадан құтылды

Астана қаласының №2 Сарыарқа аудандық соты жалған IELTS куәлігімен оқуға түскісі келген бойжеткенге қатысты үкім шығарды.

Сот материалдарына сәйкес, 2016 жылы Астана қаласының тұрғыны белгісіз біреуден жалған IELTS куәлігін 300 000 теңгеге сатып алған. Осыдан кейін тиісті құжаттармен бірге білім беру мекемесіне тапсырып, шет тілі бойынша емтиханның бірінші кезеңіне қатыспауды көздеді.

«А. есімді қыз аталған қылмыстық құқық бұзушылықты 2016 жылы шілденің соңында жасады. Алайда ҚР Қылмыстық кодексінің 71-бабы, 1-тармағына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасалғаннан кейін бір жыл өтсе, айыпталушы жауапкершіліктен босатылады. Астана қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотының үкімімен А. қылмыстық жауапкершіліктен босатылды», - делінген соттың ресми хабарламасында.

ҚазАқпарат


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама