Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Жалқы және жалпы есім
Тақырыбы: Жалқы және жалпы есім
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға жалқы және жалпы есім туралы берілген білімді кеңейтуге және бекітуге мүмкіндік туғызу;
2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;
3. Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Оқу - танымдық әдіс
Пәнаралық байланыс: Дүниетану
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Өткенді пысықтау
6 - жаттығу, мәтінді өшіріп жазу, зат есімдерді табу, белгілеу.
Зат есім дегеніміз не? Ол қандай сұрақтарға жауап береді? Мысал келтір.

ІҮ. Жан - жақты білімдерін тексеру.
Балалар, мынау менің қолымдағы суреттер нелер? (Құстар) Ал егер мен Алматы, Астана, Көкшетау десем, онда олар неге жатады? (Қалалар)
Жалқы есім дегеніміз - біркелкі заттарды жекелеп айтатын атау, жеке заттарды айтамыз. Мысалы, Алатау, Балқаш.
Жалпы есім дегеніміз біріңғай заттарды жаппай атайтын атау, ұқсастығы бойынша. Мысалы, қыз, қала, құс. Барлықтарың тақтаға қараңдар. Сонымен зат есім нешеге бөлінеді екен? (екіге, жалпы және жалқы)

Ү. Жаңа материалмен жұмыс:
а) оқулықпен жұмыс
7 - жаттығу сөйлемдерді оқу, дыбысталуы бірдей сөздерді табу, олардың үлкен және кіші әріптен басталып жазылатындығын байқату. Жалқы есімі бар сөйлемді көшіріп жазу:
Қыздардың арасынан Алма суырылып алға шықты. Раушангүл – сыныптағы озат оқушылардың бірі.
8 - жаттығу Суреттегі қыздарға ат қоя отырып, үш сөйлем құрастыру.

«Кім тапқыр?» ойынын ойнату.
Шарты: жалпы есімге жалқы есімді тез әрі шапшаң айту керек. Жалқы есімді айтқанда, керісіңше жалпы есімді айту керек.
1. көл – Балқаш, Алакөл
2. теңіз – Каспий, Арал
3. ер есімі – Айбек, Асан, Дархан
4. қыз есімі – Айгерім, Айгүл
5. Жиһаз – парта, орындық
6. машина – БМВ, Мерседес
7. кино – Көшпенділер, Жаралы сезім
8. кітап – Ана тілі, Абай жолы
9. тау – Алатау, Көкшетау
10. құс – бұлбұл, аққу
9 - жаттығу Көп нүктенің орнына жалқы есімдерді қойып жазу:
Қазақстан қалары: Астана, Алматы, Қарағанды.
Қазақстан көлдері: Балқаш, Зайсан, Алакөл.
Ауыл аттары: Талдыбұлақ, Екібастұз, Бірлік.
10 - жаттығу суреттегі үй жануарларына ат қою, ол сөздер қандай әріптен басталып жазылады?
11 - жаттығу Сызбаға сүйене отырып ой қорытындысын жасау: жалқы есім дегеніміз - біркелкі заттарды жекелеп айтатын атау, жеке заттарды айтамыз. Мысалы, Алатау, Балқаш.
Жалпы есім дегеніміз біріңғай заттарды жаппай атайтын атау, ұқсастығы бойынша. Мысалы: қыз, қала, құс.
ҮІ. Бекіту: Үлестірмелі қима қағаздармен жұмыс
Жалқы және жалпы есім жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама