Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жаман әдет

Бір кішкентай қыз бас бармағын емуді әдетке айналдырады. Анасы қаншама қой деп айтқанмен қойдыра алмайды. Бір күні қызына:

— Тыңда қызым, бұл әдетің жақсы емес. Егер саусағыңды аузыңа салуды тоқтатпасаң ісініп-ісініп, кейін жарыласың, — дейді.

Анасының сөзінен қатты әсерленген қыз бұл әдетін тоқтатады. Бір күні үйіне бір семіз кісі қонаққа келеді. Әлгі қыз келген қонаққа қарап:

— Аға сіздің не істегеніңізді білеміз. Әлі де кеш емес, мүмкіншілік барда бұл жаман әдетті тастасаңыз жақсы болады, — депті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама