Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Жаңа жыл мерекесі
Білім беру бөлімі: Шығармашылық.
Бөлім: Сурет салу.
Тақырыбы: Жаңа жыл мерекесі.
Мақсаты: Жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін тереңдету. Қиялдау, елестету дағдыларын дамыту.
Бауырмалдыққа, армандай білуге тәрбиелеу.
Алдын ала орындалатын жұмыс: әңгімелесу, таныстыру, көрсету.
Қос тілдік: жаңа жыл - новый год, шырша - елка.

l этап
Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері.
Жаңа жылды қарсы алып,
Барлық бала ән салып.
Ақшақар жүр би билеп,
Қол соғады барша жұрт.
Шыршамыз да керемет,
Ойыншықтар тағылған.
Алыс жақтан келіп тұр,
Аяз ата сағынған.

ll этап
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Әңгімелесу. Жұмбақ жасыру.
«Шанамен зырғып желетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Жаңа жылдық шыршаны және қысқы орманның суреттерін көрсету.
- Балалар, шыршаны қандай мерекеде безендіреді?
- Жаңа жыл мерекесіне кімдер келеді?
- Шыршаға нелер іледі?
- Аяз Ата бізге не алып келеді?

Тосын сәт: Есікті қағып, шанасын сүйреп Аққала кіреді.(көңілсіз)
- Аяз Ата мен Ақшақар мерекелік кешке кетті, шанаға барлық сыйлықтарды салып, алып келерсің деген. Бірақ сыйлықтардың барлығын жалмауыз кемпір ұрлап кетті. Енді Аяз Ата мен Ақшақарға не айтамын, көп балалар бізден сыйлық күтіп отыр.
- Балалар, Аққалаға қалай көмектессек екен?
- Дұрыс, балалар, біз сыйлықтар салатын қорапшалар суретін салып берейік. Ал Аяз Ата сиқырлы таяғымен түртіп қалғанда, олар шын сыйлыққа толы қорапқа айналып кетеді.

Педагог қорапшаларды салу жолдарын өзі көрсете отырып түсіндіреді.
- Сыйлықтарға арналған қорапшалар салу аса қиыншылық туғызбайды, ол үшін алдымен өзімізге таныс пішіндерден қорапшалар саламыз. Тікбұрыш пен шаршы пішіндер қажет. Оларды салғаннан кейін, қылқаламмен бояп, қораптарда әдемі байлауышпен байлап қоямыз. Ол үшін қарындашты қолданамыз.

Сергіту сәті.
Оңға, оңға түзу тұр.
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары - төмен қарайық,
Орнымызды табайық.

Оқу іс - әрекеті барысында қиналған балаларға бағыт - бағдар беріп отыру.

Өлең оқып беру.
Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Жаңа жылда жаңа жыр!
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.

lll этап
Рефлексиялық - түзетушілік
Дайын болған сыйлықтарды Аққалаға береді. Ол қуанып, алғысын айтады.
Балалардың жұмысын мадақтайды. Қоштасып шығып кетеді.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жаңа жылдық мереке туралы мағлұматты біледі.
Игереді: Жаңа жылдық, басқа да мерекелік көңіл күйді жеткізетін түстерді таңдай білуді игереді.
Меңгереді: Бір - біріне сүйіспеншілік қарым - қатынаста болу, басқаларға қуаныш сыйлай білу қасиеттері қалыптасады.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама