Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Жаңа жылдық шырша
Білім саласы: «Таным». «Шығармашылық»
Ұйымдастырылып кіріктірілген оқу қызметі: Жаратылыстану. Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Жаңа жылдық шырша». «Шырша».
Мақсаты: 1. Жанұялық және қоғамдық мерекелерге балалардың оң көзқарасын қалыптастыру, түрлі заттар мен материалдардың қасиеттерімен таныстыру, жаңа жыл мерекесінде қауіпсіздік ережесін сақтау.
2. Шыршаның құрылысын көрсете білу (бағамшаларды ұзындықтарын әртүрлі етіп ретімен орналастырып көрсету), кескішті пайдалануға жаттықтыру. Мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
Әдісі: көрсету, түсіндіру, таныстыру
Көрнекіліктері: безендірілген шырша. дидактикалық материалдар,
Сөздік жұмыс: мерекелік шырша.
Билингвальды компонент: шырша - елка.

Мотивациялық қозғаушылық
Ортада шаттық шеңберін құрып, бәрі бірге қосылып «Шырша әнін» шырқайды.

Ұйымдастырушылық ізденістік
- Балалар, бүгін біз орманға саяхатқа барайық, автобусқа мініп отырыңдар, көздеріңді жұмыңдар, сонда ғана әп - сәтте жетеміз.
Жабық тұрған шыршаны ашып жібереді.
- Ал, қәнекей ашыңдар!
- Біз қайда келдік?
- Балалар, біз нені көріп тұрмыз?
- Шыршамыз қандай?
- Жапырақтары қандай?
- Түсі қандай?
- Балалар шыршаның бізге жасырған жұмбақтары бар екен. Сол жұмбақтарды тауып шешейік

Жұмбақтар.
1. Бір ақсақал жылына,
Бір - ақ ерт келеді.
Көп қызы мен ұлына,
Сыйлық әкеп береді. (Аяз ата)

2. Қыста жерді жауып кетті,
Ал көктемде ағып кетті. (Қар)

3. Жасыл ине киімім.
Жайлаймын тау биігін
Жаңа жылды тойласаң

Төріңдемін үйіңнің. (Шырша)
4. Терезеге қонады,
Әсем ою ояды. (Қырау)

5. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

6. Тісі жоқ тістеп алады,
Қолы жоқ сурет салады. (Аяз)

Логикалық ойын: «Қыс бейнесін құрастыру»
Шарты: Балалар 3 топқа бөлініп, әртүрлі бөліктерден қыстың белгілерін бейнелеп құрайды және оны сипаттап айтады.

Дид, ойын: «Шарда жасырылған сұрақтар»
Шарты: Қағаздан умаждап қар жасап, шарға дәлдеп тигізу. Тиген шардағы сұрақтарға жауап беру.

Сергіту сәті
Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жылда, жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Шыршаны мүсіндеу
- Енді, балалар, біздер осы әсем шыршаны ермексаздың көмегімен мүсіндейік. Ол үшін алдымен ермексазды 3 бөлікке бөліп алып, үшбұрыштар жасаймыз, осы үш үшбұрышты бір - біріне сатылап
жалғаймыз, сосын осы шыршамызды әсемдеп безендіріп, төбесіне қызыл ермексаздан жұлдызша саламыз.

Рефлексиялық түзетушілік
Балалардың жұмысын бағалау.
Жақсы қатысқан балаларды мадақтау
Аяз атаның берген сыйлықтарын табыстау.

Күтілетін нәтиже
Біледі: Жаңа жылдық мерекенің қоғамда және жанұяда қалай тойлану керектігін
Меңгереді: Қауіпсіздік ережесін сақтауды.
Түсінеді: Мүсіндеу дағдыларын қалыптастыруды

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
Алға селосындағы "Ақмарал" бөбекжай балабақшасында тәрбиешісі
Сагынгалиева Сулупан Сагынгалиевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама