Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Жаңа жылға арналған өлеңдер
Жаңа жылға арналған тақпақтар!

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

***
Жылдың әнін бастайын,
Аяз - Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.

Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.

Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.

Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа - жыл
Ата - әже, ата - әже
Құтты болсын жаңа жыл

Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.
***
Баяғыда бір жақсы адам өмір сүріпті. Өзі жомарт, қайырымды, әрі асқан ақылды адам екен. Жасы жүзге жеткенде әлгі адам қатты сырқаттанып (ауырып) қалыпты. Ажалды күтіп бүк түсіп үйде жатқанда, бір күні оның есігін біреу тақылдатып қағыпты. «Бұл кім?» деп сұрапты жақсы адам. «Мен – Махаббатпын, саған көмектесейін деп келдім, есігіңді аш» - депті қонақ. Жақсы адам оған: «Махаббат, сенің маған керегің жоқ, көмектесе алмайсың, рахмет, қайта бер» деп, есікті ашпапты. Біраздан соң, есікті тағы біреу тақылдатыпты. «Кімсің?» деген сұраққа ол: «Мен – Байлықпын! Сендей жақсы адамға көмектесуге келдім. Ауруыңды емдей алам ба?» деп жауап беріпті. Жақсы адам:«Рахмет, Байлық, сен маған керек жоқсың енді» деп, есікті ашпапты. Біраздан соң, тағы біреу ақырын ғана қағыпты. «Кім бұл?» деп сұрапты жақсы адам. «Мен - Денсаулықпын, парасатты адам!» - депті есіктің сыртындағы қонақ. Жақсы адам сүйретіліп барып, есікті ашып жіберсе, ар жағында үш жігіт тұр дейді. «Денсаулық, сен біреу емессің бе? Мыналар кім?»- деп таң қалыпты жақсы адам. Сонда: «Денсаулық болған соң, біз де боламыз ғой міндетті түрде» деп, Байлық пен Махаббат жымиып күліп, Денсаулықтың екі қолынан ұстап, босағадан кіріп келе жатыпты.

Құрметті достар, Жаңа жылда бәріңіздің шаңырағызға дәл осылай Денсаулық, махаббат және байлық үшеуі бірдей қол ұстасып кіріп келсін және ешқашан қайтып шықпасын!

Жаңа жыл құтты болсын!

Жаңа жылға арналған өлеңдер. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама